Ел тұрғындары бөлшек саудаға 10 млрд теңге жұмсады

33
10
Фото: hyser.com.ua

Алматы. 23 желтоқсан. 7kun.kz — 2019 жылғы қаңтар-қарашада бөлшек сауда көлемі 10 млрд теңгеге жетті — өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 12,5%-ға артық, ал нақты көлем индексі 105,6%-ды құрады (1 жыл бұрын — 106,4%). Мұндай деректерді ranking.kz ұсынды.

Ішкі бөлшек сауданың үлес салмағы 30,7%-ды құрады (бір жыл бұрын — 31%).

ҚР өңірлері арасында 2019 жылғы қаңтар-қарашада бөлшек сауданың ең үлкен көлемі Алматыда – 3,1 трлн теңге (НКИ – 112%) және Нұр-Сұлтанда – 1,1 трлн теңге (НКИ – 104,6%) тіркелді. Олардың үлесіне ҚР-дағы барлық ресми бөлшек сауданың 42,7%-ы тиесілі. Бұдан кейінгі орындарды Қарағанды облысы – 877,8 млрд теңге (НКИ – 103,9%) және ШҚО – 866,8 млрд теңге (НКИ – 102,4%) иеленді.

Сату көлемінің нақты өсуі ҚР барлық өңірлерінде тіркелген, бұл ретте елдің батысында ең аз көрсеткіштер байқалды: Атырау (НКИ – 100,3%), Батыс Қазақстан (НКИ — 100,4%), Маңғыстау (НКИ – 100,4%) облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе облысында (НКИ – 100,7%).

Барлық бөлшек сауданың үштен екісі азық-түлік емес тауарларға тауарларға тиесілі — 6,7 трлн теңге, бір жыл ішінде өсім 11,6%-ды құрады. Қалған үштен бірі азық-түлік тауарларының еншісінде — 3,3 трлн теңге, бір жыл ішінде 14,4%-ға өсімті.