Ел тұрғындарының банктерге қарызы 103,4 млрд теңгеге жетті

98
нығайды
Фото: liter.kz

Алматы. 3 маусым. 7kun.kz — 2019 жылдың 1 мамырына Қазақстандықтардың қысқа мерзімді несиелері бойынша мерзімі өткен берешек сомасы 103,4 млрд теңгеге жетті.

Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес, қазақстандықтарға ұлттық валютадағы несиелер 92,4 млрд теңгеге, ал шетелдік валютадағы несиелері 10,9 млрд теңгеге берілді.

Мерзімі өткен несиелер бойынша көшбасында Алматы тұр – 53,8 млрд теңге (ұлттық валютада — 44,8 млрд теңге, шетел валютасында — 8,8 млрд теңге). Екінші орынға Шығыс Қазақстан облысы орналасқан, онда банктерге қарыз көлемі 14,1 млрд теңгені құрайды (ұлттық валютада — 14,03 млрд теңге, шетел валютасында – 35 млн теңге). Нұр-Сұлтан үшінші орында – 4,7 млрд теңге (ұлттық валюта – 4,4 млрд теңге, шетелдік валюта — 346 млн теңге).

Сонымен қатар, Павлодар облысында мерзімі өткен қарыздардың сомасы 4,03 млрд теңгені құрады. Іс жүзінде барлық сома теңгемен берілген. Шымкентте 4,2 млрд теңге берілді (3,7 млрд теңге — ұлттық валютада және 427 млн теңге — шетелдік валютада). Одан әрі Қарағанды облысына — 4,1 млрд теңге (ұлттық валютада — 3,6 млрд теңге, шетел валютасында — 512 млн теңге) және Атырау облысына — 3,5 млрд теңге (ұлттық валютада 3,3 млрд теңге, шетел валютасында 116 млн теңге) тиесілі.