Елдегі ең көп жалақыны кімдер алады

3
Фото: bnews.kz

Алматы. 5 қараша. 7kun.kz — 2019 жылдың ІІІ тоқсанында ҚР-да орташа айлық жалақы атаулы көріністе 18,1%-ға өсіп, 191,1 мың теңгеге жетті. Инфляция есебімен өткен жылдың сәйкес кезеңіне жалақы төлеу қабілетінің нақты өсуі 12%-ды құрады. Сонымен қатар, 2019 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша тауарлар мен қызметтердің бағасы бір жылда 5,3%-ға өсті. Мұндай деректерді ranking.kz ұсынды.

Осы жылдың өткен тоқсанымен салыстырғанда жалақының нақты өсуі 1,8% құрады.

Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақыны Атырау облысының тұрғындары алады: 361,5 мың теңге (бір жыл бұрын — 310,6 мың теңге). Бұл республикалық орташа деңгейден 89,2%-ға артық.

Жалақы деңгейі бойынша екінші аймақ — Нұр-Сұлтан: мұнда тұрғындар орташа есеппен 308,1 мың теңге алады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 61,2%-ға көп.

Маңғыстау облысы үшінші орында: 297,3 мың теңге. Мұнда орташа айлық жалақы орташа республикалық мәннен 55,5%-ға артық.

Осы көрсеткіш бойынша топ-5 аймаққа Алматы және Батыс Қазақстан облысы да кірді: тиісінше 222 мың және 191,3 мың теңге. Ел бойынша орташа мәннің артуы Алматыда 16,2%-ды, ал Батыс Қазақстан облысында — 0,1%-ды құрады.

Айта кетейік,ҚР-дағы орташа деңгейден жоғары жалақы осы бес аймақта ғана тіркелген.

Ал Түркістан (122,8 мың теңге — орташа республикалық мәннен 35,8%-ға кем), Жамбыл (127,8 мың теңге — 33,1%-ға кем) және Алматы (137,1 мың теңге — орташа республикалық мәннен 28,3%-ға кем) облыстарының тұрғындары ең аз жалақы алады.

Салалық құрылымда ең жоғары номиналды жалақы қаржы және сақтандыру қызметі саласында белгіленді: 484,6 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,5 есе артық).

Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда орташа айлық жалақы 418,0 мың теңгені құрады (орташа республикалық мәннен 2,2 есе артық).

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет: 334,1 мың теңге (орташа республикалық мәннен 74,8%-ға артық).

Құрылыс, сондай-ақ ақпарат және байланыс саласында жалақы тиісінше 257,7 мың және 248,9 мың теңгені құрады.

Атаулы жалақының ең төмен деңгейі білім беруде: 122,1 мың теңге — республика бойынша орташа көрсеткіштен 36,1%-ға төмен.