Электр станцияларында өндірілетін энергия көлемі артуы мүмкін

Фото: pm.kz

2030 жылға қарай электр станцияларында өндірілген энергия көлемі 175 млрд кВт/сағ артуы мүмкін. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Астанадағы ҚР Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу бойынша Кеңестің төртінші отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды премьер-министр сайты.

«2015 жылы елімізде электр стансаларынан 91 млрд кВт электр энергиясы өндірілген. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш елімізде 130-175 млрд кВт/сағ-қа артады деп болжануда», – деді Қ.Бозымбаев.

Сонымен қатар, министр айтып өткендей, шаралар уақытылы қабылданған жағдайда электр энергиясын өндіруді арттыру парниктік газдар шығарындыларының артуына соқтырмауы тиіс.

«Энергия үнемдеу бойынша негізгі іс-шаралар жылу беру, жылуды тұтыну, сондай-ақ ТКШ саласына қатысты болуы тиіс. Энергия сыйымдылығын арттыру әлеуетіне жылу энергиясын беру өндірісі ие. Жылу бойынша жаңа қазандықтарды пайдалану тиімділікті 85–90 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді, ал бүгінде қазіргі жұмыс істеп тұрған қазандықтардың тиімділігі 65–70 %-ды құрайды», – деп мәлімдеді Қ. Бозымбаев.