Электронды билет беру: «Оңайды» қолдану оңай ма?

1961

Қазан айында барлық жер үсті қоғамдық көліктері электронды билет беру жүйесіне ауысатын болады.

«Алматыда бірыңғай көлік карталары 29 қыркүйектен бастап сатыла бастайды. Карталарды кез келген дүкеннен, дүңгіршектерден, аялдамалардан сатып алуға болады. Олар «Оңай» деген стикермен белгіленеді. Сатып алу еш қиындық туындатпайды. Ал, жеңілдігі бар көлік карталарын сататын арнайы жерлер болады: студенттер ЖОО-да, колледждерде, мектеп оқушылары мектептерде тіркеледі. Зейнеткерлер 1 қазаннан бастап тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік қорғау ұйымдарында тіркеуден өтеді. Сол жерде оларды суретке түсіріп, карталарын беретін болады, – дейді «Алматы көлік холдингі» кеңесшісі.

Қала бойынша бірыңғай көлік карталары 7535 бөлімшелерде сатылады:

  1. аялдамаға жақын жерлерде;
  2. Бөлшек сауда желілерінде;
  3. Көлік жүргізушілерінде немесе бақылау-ревизиялық қызмет қызметкерлерінде;
  4. Аэропортта, автобустарда, темір жол вокзалдарында, метрополитен кассаларында.

Карта құны — 400 теңге. Оның 320 теңгесі қайтарымды кепіл болады, 80 теңге — бір жол жүру бағасы. Холдингтің баспасөз қызметі бірыңғай көлік карталарын 28 қыркүйектен бастап сатып алуға болады деген еді. Әйтсе де, әлі де сатылымға түскен жоқ.

«Бірыңғай көлік картасы» мөлдір полиэтилен қаптамада болады.

Қаптаманың ішінде мыналар болады:

  1. Орыс және қазақ тіліндегі нұсқауыш;

2. Келесі бетінде фольгадан жасалған қорғаныш қабаты болады.

Қолданар алдында фольгадан жасалған қабатты толығымен алыс тастау керек.

Қабатты алған соң, картаны қолдана берсеңіз болады.

Алматылықтар жақсы таныс жеңілдігі бар және айлық жол жүру билеттері 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады.

«Жүйе енгізілген 3 ай ішінде электронды карта да, қолма-қол есептесу де жүре береді. Ал, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 100 пайыз электронды билет беруге ауысамыз. Алғашқы үш ай — сынақты режимде жұмыс істейді. Сол уақытта тұрғындар толығымен үйрене алады деп ойлаймыз. Егер карта сатып алып үлгермеген болсаңыз, қолма-қол төлей аласыз. Әзірге шектеу қойып жатқан жоқпыз», – деп түсіндірді кеңесші.

Электронды билет беру жүйесіне бірінші болып муниципалды автопарктің автобустары, троллейбустары мен трамвайлары шығады. Бір ай ішінде жеке тасымалдаушылардың барлық автобустарында терминалдар орнатылуы керек. Бірыңғай көлік картасы метрода келесі жылдан бастап қосылады.

«Қалалық маршруттары бар жеке автопарктер электронды билет беруге бір айда көшеді. Яғни, сол уақыт ішінде тасымалдаушылар өз автобустарын терминалмен жабдықтап үлгеруі тиіс. Егер бұл талапты орындамаса, қалада жүруге тыйым салынады», – дейді кеңесші Наталья.

Билетсіз жүргендерді арнайы бақылау-ревизия қызметтері тексереді. Әрбір бақылаушының өз терминалы болады. Бірінші кезеңдегі қызметкерлер саны — 376 адам. Тек маршрут қана емес, әрбір көлік тексеріледі.

Бірыңғай көлік картасының балансын толтыру үшін QIWI  терминалдарын қолдануға болады.

Автобусты аталған техникамен жабдықтауға шамамен 500 мың теңге кетеді. Жабдық қымбат болғанымен, холдингтің айтуынша, жүйе қала бюджеті түсімін көбейтеді. Жеке автопарктер табыстарының 20-30 пайызые кондукторлар мен жүргізушілер жымқырып жатыр. Ал, жаңа жүйе бойынша қолма-қол ақшамен есептесу алынып тасталады.