ЖаңалықтарҚоғамТаңдаулы1

Елімізде киім қымбаттап жатыр

Сарапшылар республикада киім өндірісі 2017 жылдың тамызына қарағанда 2018 жылдың тамызында 2,3%-ға кемігенін айтады

Алматы. 14 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда киім қымбаттап жатыр, деп хабарлайды Energyprom.kz.

Бір жылдың ішінде әйелдер көйлегі мен костюмінің құны  7,7%-ға өсті. Оқу жылында балалар киімі қымбаттады: ұл балаға арналған жейде — 9,2%-ға, балаларға арналған футболка — 7,9%-ға, күртеше 7,3%-ға өскен.

Сарапшылар республикада киім өндірісі 2017 жылдың тамызына қарағанда 2018 жылдың тамызында 2,3%-ға кемігенін айтады.

ҚР өңірлерінің ішінде 2018 жылдың қаңтар-маусымында Алматы облысы 3,6 миллиард теңгеге киім өндірген, бұл 2017 жылға қарағанда 15,7%-ға аз.

Одан кейінгі орында Алматы – 2,6 миллиард теңге, бір жылдың ішіндегі өсім 5,7% және Қарағанды облысы – 2,2 миллиард теңге, өңір көрсеткіші бір жылдағыға қарағанда 4,5%-ға аз.

Бас киім (23,9%-ға аз), әйелге арналған сырт киім (22%-ға аз), ер адам киімі (19,1%-ға аз), трикотаж шұлық (18,2%-ға аз) және трикотаждан жасалған сырт киім (15,7%) өндірісі азайған.

Аң терісінен жасалған киім мен аксессуарлар (43,5%), свитер, жемпірлер (3,7%) өндірісі ұлғайған.

Tags

Осы айдарда

Close