Елімізде орташа айлық жалақы 2,3%-ға өсті

36
жалақы
Фото: yarnovosti.com

Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстандықтардың жалақысы бірқалыпты қарқынмен өсуде. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Еңбек нарығында тұрақтылық сақталады. Ағымдағы жылдың басынан бері 297,1 мың адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздық деңгейі — 4,9%», — деді министр.

Оның айтуынша, жалақы да бірқалыпты қарқынмен өсуде.

«Ағымдағы жылғы қаңтар-шілдеде орташа айлық жалақы 157,7 мың теңгені құрады және нақты мәнінде 2,3%-ға өсті. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымда нақты ақшалай кірістер 1,0%-ға артты», — деді Тимур Сүлейменов.