Елімізде құрылыс материалдары қымбаттады

Фото:newsvl.ru

Астанада қабырғалар мен төбеге арналған әрлеу материалдары қымбаттады ( кафель – жыл бойы 20%, бояулар — 22%). Өскеменде құрғақ құрылыс қоспалары 17%-ға, Оралда цемент 18%-ға жоғарылады деп хабарлайды EnergyProm порталы.

2015 жылдың қорытындысы бойынша, құрылыс материалдары ЕАЭО-дағы елдер арасында, әсіресе,  Ресейде қымбаттады (бір жыл ішінде 10,4%). Қырғызстанда бағалардың төмендеуі байқалған (-1,8%).

Қазан айының қорытындысы бойынша, суэмульсиялық бояулардың орташа бағасы — 493 тг, бұл өткен жылға қарағанда 6,3% -ға өскен.

Басқа қалалармен салыстырғанда, ең қымбат бояу Алматы қаласында, бағасы – 804 теңге. Өткен жылдан бері 15,2%-ға көтерілді. Ең арзан баға – Атырауда, келісі 351 теңге. Астанадағы жоғары баға – 544 теңге, бір жыл ішінде 21,7%-ға өскен.

Республика бойынша қабырға кафельінің бағасы 3,4%-ға өсіп, орта есеппен 2007 теңгені құрады. Алматы қаласында кафель — 5 053 тг болды, 11,3%-ға қымбаттаған. Ал арзан баға Көкшетау тұрғындары үшін — 1 555 теңге, өткен жылмен салыстырғанда 10,9%-ға артты. Ең қымбат кафель Астанада, бағасы – 2 335 теңге.

Қазан айындағы орта есеп бойынша, 50 кг цемент бағасы 1 184 теңгені құрады. Ең жоғары баға Оралда (1430 тг). Өткен жылмен салыстырғанда 18,3%-ға жоғарылаған. Арзан цемент Таразда, 50 келісі 1 012 теңге тұрады. 

Құрғақ құрылыс қоспалардың ең жоғары бағасы Көкшетауда белгіленді, 6 711 теңге. Ең төмені – Астанада, 2 825 теңге. Ең көп қымбаттау Өскеменде тіркелген, бір жылда 16,6%-ға өсіп, 50 келісі 5 234 теңге болды. Жалпы орташа баға 50 кг үшін 4 257 теңге.

Көрші елдермен салыстарған Қазақстанда бағаның аса өсуі байқалмаған. 2010 жылдан бастап (2014 жылдағы дағдарыс кезеңін есептемегенде) құрылыс материалдарының құны жылдан жылға  8,7%-ға қымбаттаған. Ресейде бұл көрсеткіш 4,8%-ға, ал Қырғызстанда 7,4%-ға тең.

Жазира САМИДИНОВА «7»