АстанаБизнесЖаңалықтарТаңдаулы1Таңдаулы2

Елордада «Astana Bastau. Бизнес аумағы» инвестициялық және кәсіпкерлік форумы өтеді

"Astana Bastau" - барлық деӊгейдегі кәсіпкерлердіӊ қызығушылығын қамтитын ірі интенсив-форум.

Алматы. 10 қыркүйек. 7kun.kz – Астана қаласында 22-23 қыркүйек күні «Барыс Арена» көпфункционалды мұз сарайында «Astana Bastau. Бизнес аумағы» Бірінші инвестициялық және кәсіпкерлік форумы өтеді. 

Форумның  басты мақсаты — бизнесмендерге өз ісін және жалпы ойлауды өзгерту арқылы алға сапалы серпіліс жасауға мүмкіндік беру. Форумда қатысушылар келесі бағыттар бойынша біліктіліктерін арттыра алады: бизнесті цифрландыру (орау, траффик және лидогенерация), инвестицияларды тарту,бизнесті үлкейту және тиімді сатуды құру техникасы.

Форумда спикерлер ретінде «фанк стиліндегі бизнес» бестселлердің авторы Кьел Нордстрем, ТМД — дағы нөмірі 1 нетуоркинг бойынша сарапшы Гил Петерсил, Like холдингінің негізін қалаушы және иесі Аяз Шабутдинов және т. б. сияқты бизнестегі әлемдік сарапшылар сөз сөйлейді. Іс-шара  «Барыс-Арена» мұз сарайында өтеді.

Форумды ұйымдастырушылар: Астана қаласы Әкімдігі, «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ, «Синергия» Бизнес мектебі.

Кәсіпкерлер аталмыш шараға тегін қатыса алады.

Tags

Осы айдарда

Close