Елордада доллар 382 теңгеден сатылды

доллар
Фото: Sputniknews.kz

Алматы. 27 қаңтар. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11:00-де 379,85 теңгені құрады. 24 қаңтардағы деректермен салыстырғанда (378,46 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 1,39 теңгеге әлсіреді.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 382 теңге, Алматыда — 380,7 теңге.

Ұлттық Банктің 27 қаңтардағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 378,6 теңгені құрайды.