eMarketer: Қытайдың бөлшек сауда нарығы 2019 жылы әлемдегі ең ірі болады

нарығы
Фото: runtime.vn

Алматы. 25қаңтар. 7kun.kz – Қытайдың бөлшек сауда нарығы көлемі бойынша американдық өнімді басып озып, 2019 жылы әлемдегі ең ірі нарыққа айналады деп болжауда eMarketer зерттеу компаниясы. Қытай нарығында сату биылғы жылы 7,5%-ға — 5,636 трлн долларға дейін өседі деп күтілуде. АҚШ-та бөлшек сауда көлемі 3,3%-ға артып, 5,529 трлн долларды құрайды, — деп жазады Интерфакс-Қазақстан.

Сонымен қатар, екі елде де көрсеткіштің өсу қарқыны бәсеңдеуде, делінген eMarketer хабарламасында.

Сондай-ақ, Қытай әлемдегі онлайн-сатылымдардың ең көп үлесіне ие — жалпы бөлшек сауда көлемінің 35,3%-ын құрайды. Alibaba нарықтың жартысынан көбін алады (53,3%), бірақ компанияның үлесі төмендейді.

2019 жылы Қытайдағы e-commerce көлемі 1,989 трлн доллардан асады деп күтілуде, соның нәтижесінде елге әлемдік бөлшек онлайн-сатылымдардың 55,8% келеді.

2022 жылға қарай бөлшек сауда нарығының көлемі АҚШ-та 6,03 трлн долларға дейін, Қытайда — 6,757 трлн долларға дейін артады, деп болжайды eMarketer.