Махамбет Досмұхамбетов Энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Фото:energo.gov.kz

Астана. 11 қараша. 7kun.kz – Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жаңа тағайындалған бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетовті министрлік ұжымына таныстырды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.   

Махамбет Досмұхамбетов 1983 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Геология және мұнай -газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген, 2016 жылы – Қазақ мемлекеттік заң университетіннде іскери әкімшілік ету магистрі дәрежесін алған.

Еңбек қызметін 1983 жылы «Ембімұнай» бірлестігінің Балықшы барлау бұрғылау басқармасының геологы ретінде бастаған.

«Эмбамұнайгаз» компаниясының бас директоры,  бас геологтың геология бойынша басқарма директоры, ірі жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2002 жылдан бастап  геология және дамыту департаментінің директоры болды. Кейінірек «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында, «Маңғыстаумұнайгаз» кәсіпорнында қызмет атқарған.

                                            Толғанай АЙТКЕНОВА “7”