«Amanat Insurance сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болып Ерғали Бегімбетов тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлайды.
«Amanat Insurance сақтандыру компаниясы ресми хат арқылы KASE-ні директорлар кеңесінің 2015 жылдың 10 наурызындағы шешімімен 2015 жылдың 12 наурызында Бегімбетов Ерғали Нұрланұлы компания басқармасының төрағасы лауазымына сайланғандығы туралы хабардар етті», — деп айтылады биржа хабарламасында.
Бегімбетов Ерғали Нұрланұлы — 2000 жылдан бері «КBS Garant сақтандыру компаниясы» ААҚ вице-президенті. Содан соң «КBS Garant сақтандыру компаниясы» ААҚ басқарма төрағасы болған.
2003 жылдың ақпанынан бастап — «ТұранӘлем Банкі» ААҚ басқарма төрағасының кеңесшісі.
2003 жылдың шілдесі мен 2015 жылдың наурыз аралығы — «Лондон-Алматы» СК басқарма төрағасы.
Сақтандыру бизнесі саласында Nationwide және Grange Insurance американдық компанияларында тәжірибеден өткен.