Ерболат Досаев Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің директорлар кеңесін басқарады

Фото: 7news.kz

11 шілде күні «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтіп, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Ерболат Досаев банктің директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

Директорлар кеңесінде Қазақстан өңірлерінде тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін қосымша жағдайлар жасауды қарастыратын «Өз үйім» бағдарламасының негізгі қадамдары менТҮҚЖБ салымшыларының тұрғын үй жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, отырыс  барысында «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның қызметіне қатысты сұрақтар қарастырылды. Жиналыс соңында банк басқармасына «Өз Үйім» бағдарламасына қатысушылар үшін қажеті шараларды қабылдап, жобаның жүзеге асырылу кезінде туындаған мәселелерді шешу жұмыстары тапсырылды.