Ердоғанды әуежайдан Тоқаевтың өзі күтіп алды

Астана. 12 қазан. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанды елорда әуежайында күтіп алды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Түркия президенті 12-13 қазан күндері өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитіне қатысады деп күтілуде.