ERG компаниясының Еуразиядағы Инноваторлар тобының алғашқы форумы өтті

Фото:vfc.com

Астана. 2 қараша. 7kun.kz — Форумда  компанияның (Eurasian Resources Group) инженер, механик, ІТ-мамандары, Топтың менеджерлері – барлығы 200-ден астам қызметкер өндірістік жүйенің тиімділігін арттыру туралы идеяларымен бөлісті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды. 

Форум инновациялық үлгіде өтті.  ІТ  мен ақпараттық қауіпсіздік мамандары CTF (Capturetheflag) форматында Хакатон өткізді. Хакатон барысында мамандардың корпоративті ақпараттық жүйелерді қорғау саласындағы тәжірибелік дағдылары сынға түсті.

«Еуразиялық топ 2030 жыл» сессиясы сайыскерлер мен делегаттардың компанияның болашағына жасаған болжамдарына арналды. Қызметкерлердің топтық «ой-талқысында» (мозговой штурм) стартегиялық жоспар жасауға қажетті көптеген идеялар туындады.

Форум аясында жаңашыл жобалар конкурсы өтті. Жеңімпаздар еліміздің үздік техникалық ЖОО-да біліктілігін арттыру мүмкіндігіне ие болды.

ERG мекемесінің жас мамандары мен астаналық ЖОО-ның студенттері «Өндірістегі жаңашылдық – уақыт пен ресурстары бос шығындау ма, әлде мекеменің инновациялық дамуының кепілі ме?» деген тақырыпта пікір таластырды.

Еуразиялық топта қазір 2014 жылы басталған ауқымы кең бизнес-трансформация жүріп жатыр. Бизнесті транформациялау бизнес-үрдістерді стандарттауға, ақпарат және есеп берудегі жылдамдықты арттыруға, SAP кәсіпорынды басқарудың  алдыңғы қатарлы жүйесін енгізу арқылы айқындылықты арттыруға бағытталған.

Экономика өсімінің баяулаған осындай қиын кезеңде ERG  жұмыс орындарын сақтап қалу, өнімнің сапасын және жабдықтардың өнімділігін арттыру, жүйелік шығындарды қысқарту, қарыздарды оптимизациялап, өтімділікпен қамтамасыз етудегі минималды тәуекел ететін жолдарды анықтады. Бұл бағыттағы ең бірінші көзге түсетін бастама «Проект 10%»  деп аталатын кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құнын төмендету мен өндірістік процестердің тиімділігін арттыру болды.  Ол өткен  жылы басталғанына қарамастан, жақсы нәтижелер көрсетуде. Тек қана осы жылдың көлемінде жалпы сомалық экономикалық әсері 7 миллиард теңгені құрады. Осы бағдарламаның аясында барлығы 500 жаңашыл жобаларға бастамашылық етілді.

Камила ДҮЙСЕНОВА «7»