Ермұхамет Ертісбаев: Қоғамның санасын өзгертпейінше, оны қайта құру мүмкін болмайды

289
24.kz

Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz — Қоғамның санасын мемлекет, қоғамдық институттар мен зиялылар қалыптастырады, дейді 24.kz арнасына сұхбат берген Қазақстанның Грузиядағы елшісі Ермұхамет Ертісбаев.

Елбасының рухани жаңғыру туралы мақаласына байланысты аталған арнаға түсініктеме берген елші бұған дейінгі ұстаным ескірді деп отыр.

«Адамның санасын өзгертетін – күнделікті тұрмыс-тіршілік. Міне, біз осы күнге дейін бұл қағиданы ұстандық. Яғни, нарықтық экономиканы құрғаннан кейін бірден азаматтардың санасы өзгереді деумен келдік. Шын мәнісінде, қоғамның санасын мемлекет, қоғамдық институттар мен зиялылар қалыптастырады. Әлемдік тәжірибе осыны айғақтайды. Осы орайда Грузияны мысалға алайық. Бұл елдің тілі, көне мәдениеті, өзінің әліпбиі бар. Алайда қоғамның санасын өзгертпейінше, қоғамды қайта құру мүмкін болмайды. Өйткені, Кеңес Одағының ыдырағанына 25 жыл өтсе де, азаматтардың санасында бұрынғы түсініктер әлі де қалып қойған. Сондықтан біздің Президент рухани жаңғыруға үлкен көңіл бөліп отыр», — деді елші.