ТаңдаулыТаңдаулы1

Ернұр Рысмағамбетов: Қазақстандық мамандардың басты артықшылығы біліктілігінде

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы» АҚ басқарма мүшесі аутсорсинг орталық құру, мамандарды қайта даярлаудағы техника және Қазақстандағы тұңғыш хедж-қордың ашылуы туралы

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы» АҚ басқарма мүшесі аутсорсинг орталық құру, мамандарды қайта даярлаудағы техника және Қазақстандағы тұңғыш хедж-қордың ашылуы туралы.

— Ернұр, АХҚО Бюросының Қазақстанда құрылғанына бір жыл болды. Осы уақыт аралығында кәсіби нарық туралы қандай ой түйдіңіз? Және АХҚО Бюросы білім ландшафтында өз орнын таба алды ма?

— Бас кезінде біздің Бюро командасы адамдарға білім беріп қана қоймай, еңбекпен қамтуды да мақсат еткен. Бірақ бұл техникалық іс екен. Бір жылдың ішінде біздің профессионалды оқыту бағдарламасына 500 адам қатысты. Қазір олар халықаралық сертификация алу үшін әртүрлі дайындықтардан өтуде.
Жас мамандар халықаралық сертификацияны жұмыс үшін өтпейді, себебі олардың еліміз бойынша 100 ірі компанияда арнайы орны дайын тұр. Біз Қазақстандағы жас профессионалдарға жұмыстан маңызды дүниелер керектігін ұғындық.

Оларға community, яғни, профессионалды және жеке тұлға ретінде өсуге алып келетін арнайы орта керек. Олар бір-бірімен тығыз араласу арқылы достық, профессионалдық және интеллектуалдық деңгейлерінің өскенін қалайды.

Яғни халықаралық сертификация алуға келген шәкірттер интеллектуалдық даму үшін өзінің ортасын таба алды деуге болады. Көбіне нарықтағы өзгерістер, инвестициялық идеялар мен стратегиялар, қаржы индустриясында қалай карьера құру керектігі туралы қызықты пікірталастар жүргізу мүмкіндігі туды.

Көптеген мамандар өздерін түсінетін орта таба алмайды. Ал біздің шәкірттер қарапайым киноға бару мен оқу кезінде көмек бере алатын, әр бастаманы қолдайтын жақсы орта таба алды.

— Ал неге жұмыс дәл осы бағытта өрбуде?

— ACCA, CFA, CIMA, FRM халықаралық сертификациялары – дегеніміз интеллектуалтық Ironman. Оған жалғыз дайындалып, жалғыз өту қиын. Community арнайы топқа айналып, бірігіп дайындалуға мүмкіндік береді.

Біздің оқытушылар шәкірттердің кез келген сұрағына жауап береді. Бірақ біз оларға түсінікті қарапайым тілде сөйлемейміз. Себебі білім берудің ең жылдам нәтижесін шәкірттер бір-біріне түсіндіре бастағанда көруге болады.

Мысалы, бір сұраққа жауап беру үшін менің 5 минутым кетсе, ал олардың өзара түсіністігіне 15 секунд кетеді. Олар: «бұл өткен сабақта өткендегідей» деп еркін түсіндіре алады.

Тағы бір артықшылық, біздің курсқа келушілердің бэкграундтары, яғни өткен жұмыс орны әртүрлі. Аудиторлар үшін бухгалтерия мәселесін шешу оп-оңай болса, математикалық немесе техникалық бэкграундты барлар үшін бұл қиындық тудыруы мүмкін. Ал олар бірге оқыған кезде бір-біріне өз білімдері мен тәжірибелерін көрсетіп, өзара бөлісе бастайды.

-АХҚО Бюросының шәкірттері үшін емтиханды өту сол CFA бойынша орташадан жоғары ма? Ешкімде жоқ, тек сіздер ғана қолданатын әдістер бар ма?

— Бұл тек дайындық жүргізетін тәлімгерлер мен басшылық болғанынан емес. Көптеген адамдар: «Интернетте ашық түрде арнайы сабақтар мен дәрістер толып тұрғанда сіздердің курсқа не үшін келем?» деп сұрап жатады.

Біз интернетте бар дүниені қайталағымыз келмейді. Біз helicopter view (үлкен картинкаға) мән бергенді жөн көреміз. Яғни интернетте оқығаннан кейін мазалайтын ойлар мен сұрақтарға жауап іздейміз.

Мысалы, шәкірттер тапсырма мен кейсті қалай шешу керектігін, әртүрлі инвестициялық портфельді қалай анықтау керектігін біледі. Ал АХҚО Бюросындағы дәрістерде біз осы шашылып жатқан білімдерге мағына береміз.

— Яғни сіздер шәкірттерге сұрақ қою арқылы олардың білімдерін дұрыс пайдалануына жол ашып, функционалды біліктіліктерін артырып, алған білімдеріне мән-мағына бере түсесіздер ғой?


— Иә, біз шәкірттердің әртүрлі қаржылық инструменттердің қалай жұмыс жасайтынын, келісімшарттың соңында кімдер тұратынын анық білгендерін қалаймыз. Мысалы, сен мықтысың, себебі валюталық қатерді хедждеп үлгердің. Ал бірақ кімнің инструменттерін сатып алдың? Саған валюталық қауіп қорғанышын сатқан адамның қандай ойы бар? Неге ол бұлай жасап тұр? Ол қайдан пайда көрмек?

Сол кезде ғана шәкіттер Қазақстанда бұл инструменттің неліктен жоқ екендігін түсінеді. Біз практикалық заттарды локальді экономикалық шындық негізінде түсіндіруге тырысамыз. Тек локальді шындық кезінде шәкірттер үшін бұл инструменттер мағынаға ие болып, оларды шешу оңай болады.

Біз шәкірттерді болашақты қаржы инструменттерімен еркін жұмыс істеуге бейімдейміз. Себебі оларды тек біліп қана қою жеткіліксіз.

Барлық техникалық білім практикада қолдану үшін аса қажет. Қажеттілікті шын кейсті түсінген кезде, жаңа істің әдемілігін түсінгенде сезесің. Мысалы, біркелкі регрессияның мағынасын түсіну үшін біз Қазақстан экономикасының мұнайға тәуелділігі кейсін зерттедік. Бұл рас па? Қай деңгейде? Мұны қалай анықтауға болады?

Біз, өтініш, осы тәуелділікті табыңдар дейміз. Ақпаратты зерттеп, шешім шығарыңдар дейміз. Олар есептеуді бастаған кезде ақпарат негізінде модельдер құрастырып, экономиканың мұнайдың бағасынан гөрі оның өндіріс күшіне немесе көлеміне тікелей байланысты екендігін түсінеді.

Біздің тәлімгерлер – профессорлар емес, олар көбіне тәжірибелі мамандар. Олар инструментті қалай құрастыру керектігін, шынайы өмірде қалай пайдалану керектігін біледі. Олардың мақсаты теориялық білімге мән-мағына беріп, бастысы, барлық сұрақтарға жауап беру.

— Офлайн-дайындықтың онлайн-лекциялардан басты артықшылығы осы болғаны ғой.

— Иә, онлайнның басты кемшілігі осында. Сен видеодағы адамға сұрақ қоя алмайсың. Курсты тыңдаушы мен түсіндірушінің арасында эмоционалды байланыс жоқ. Әрине біз қолданатын онлайн база материалдары мен платформалары базалық білім беріп, уақытты үнемдейтіні анық. Алайда офлайнның керектігі айдан анық.

Біз жиі қолданатын барлық материалдар мен түсіндіруге арналған мысалдарды цифрландыра бастаймыз. Курстан курсқа ауысқанда қолданатын стандартты жүйе жасаймыз. Онлайн режимге CFA немесе басқа да сертификацияларды алуға әлі толық шешім қабылдамағандарға арналған материалдарды жібереміз.

Оларға арнап біз 3-4 дәрістен тұратын бір тегін қосымша курс аштық. Олардың біздің жүйені түсініп, өздерін сынап көріп, дайындықтарын тексеретін кішкене текст тапсырады. Өз күштеріне сенбейтін адамдарды алудың маңызы жоқ.

Қазір біздің курсқа сұраныс жоғары. Сондықтан тәлімгерлердің уақытын босқа кетірмес үшін әлі шешім қабылдамаған адамдарға арнап базалық цифрлы курс дайындадық.

— Онлайн режимге ауысу дайындық курстарының бағасын төмендетедіп, оларды қол жетімді етеді ғой.

— Дұрыс. Біз төмен бағаны сақтап қалып, базалық білімді цифрландырамыз. Бірақ сапаны да сақтап қаламыз. Барлық қолданушылар оны біздің онлайн-платформадан көре алады.

Тәлімгерлер осы теориялық материалдың мән-мағынасын ашып, сұрақтарға жауап беретін болады.

— АХҚО Бюросы алдағы уақытта қандай бағытта дамиды?

— 2018 жылы қазіргі сертификация бағдарламаларының бағыттары бойынша топ жасақтай береміз. Ал 2019 жылы бағдарламалар масштабын ұлғайтамыз. Жұмысты бастағанда біз екі мың адамды қамтымақ болғанбыз. Ал қазір сұраныстың артуына байланысты АХҚО болашақ шәкірттерінің санын бес мыңға жеткізбек ойдамыз.

Мақсат етіп қойған жеті сертификациялау бағдарламасын толықтай ашуды көздейміз. Қазір бұл жетеудің екеуі толық, екеуі жартылай жүзеге асты. Құнды қағаздарды басқару, HR және заңдық салаға байланысты бағдарламалар ашылатын болады. Және нақты әрі терең өзекті мәселелерге қатысты жеке бағдарламаны ойластырып жатырмыз.

Сосын екі мың немесе бес мың маман деген секілді цифрлық санақтан алыстағымыз келеді. Бұл аса жақсы KPI емес, ол аздап құбылмалы.

Біз жылы 1-2 мың адамды қамти алатын білім жүйесін құрғымыз келеді. Мамандарды даярлауға арналған платформа өзін-өзі қамти алатын машина секілді. Себебі мамандар бағдарламаны өздері таңдап, оның құндылығын бағалап, қажетті бағдарламаны өз есептерінен төлеуге мүмкіндік алады. Мұндай платформа АХҚО тәлімгерлерінің қатысуынсыз, нарықтық баға арқылы өзін-өзі қамти алатындай болуы керек.

— Ал сіздер оны қалай жасайсыздар? Себебі қазір жас мамандар оқуын ары қарай жалғастырып, біліктілігін жетілдіруге құлықсыз болып келеді.

— Қазақстандықтарға стимул беріп, процессті тездету үшін сертификациялау бағдарламасына қатысатын біздің бастапқы 500 маманға 100% гранттық жүйеде диплом бермекпіз. Олардың оқу кезіндегі шығындарын АХҚО өз мойнына алады. Бірақ әрдайым бұлай бермейді.

Біз Сингапурдің стимул беру бағдарламасын қолданамыз. Ол жерде де бастапқы да халықаралық профессионалды сертификация алушылардың шығынын 100% мемлекет көтерген. Кейін компенсациялар көлемі 80%, одан кейін 60% және осылай біртіндеп 0-ге дейін жеткізілген.

Себебі адамдар өздеріне бұл білімнің, дәреженің керектігін және маңызын түсінді. Және оны алудың да бағасы біртіндеп қолжетімді болды. Егер біз профессионалды әрі арзан білім бере алатын болсақ, Қазақстандағы көптеген адам халықаралық сертификацияға қызығатын болады.

Біздің мақсатымыз – нарықтағы бағаны төмендетіп, сол төмен қалпында ұстап қалу. Жалпы сомма бағдарламаның деңгейіне байланысты 500 теңге мен 1 миллион теңгенің арасында болуы шарт. Сонымен қатар, біз онлайн тегін кіріспе курстарын біртіндеп іске қосатын боламыз.

— Бір жыл бойына сіздер тренингтерді Алматы мен Астана қалаларында өткіздіңіздер. Басқа қалаларға қашан ауысасыздар? Жалпы оның қажеттілігі бар ма?

— Иә, бұл екі қалада біз Бюро бағдарламаларының тұсауын кесіп, алғашқы қадамдарды жасадық. Енді қыркүйектен бастап біз аймақтарды да қамтуды көздейміз. Және тек Қазақстанның басқа қалаларын емес, көрші елдерді де қамтимыз.

Аймақтарда тәлімгерлерді табу қиынға түсті. Сондықтан барлық аймақтағы шәкірттер онлайн режимде оқитын модель жасап шықтық. Сонымен қатар, арнайы топтар Астанаға немесе Алматыға жылына 3-4 рет қысқа мерзімді апталық модульдерге келіп отырады.

Мысалы, біздің Қарағандыда тұратын шәкіртіміз 15 аптаның әр сенбі-жексенбісінде Астанадағы курсқа келіп қатысып отырды.

Әрине мұндай оқу жүйесі кез келген адамға ыңғайлы емес. Сондықтан біз аймақтарға басқа бағытпен кіріп, әрбір адамның дамуы мен қызметте көтерілуіне мүмкіндік жасаймыз.

— Менің білуімше, біздің елде халықаралық сертификацияны алмаудың басты себептерінің бірі Қазақстанда арнайы тест орталықтарының болмауында.

— Иә. Сол себепті біздің академиялық орталық Қазақстанда емтихан тапсыру орындарының ашлуына күш салып жатыр. Емтихандарды тапсыру үшін біздің шәкірттер шетелге баруға мәжьүр. Олар Мәскеуде немесе Дубайда ғана тапсыра алады. Сондықтан CFA өкілдерімен кездесу өткізу барысында осы жылы емтиханды желтоқсан айында Алматыда тапсыруға мүмкіндік алатындай етіп келістік. Бұл біздің кішкене жеңістеріміздің бірі. Алдағы уақытта өзге серіктестерімізді де емтихан тапсыруды ел ішінде жасау болатын етіп көндіруге тырысамыз.

Бұл емтихан тапсыруға ниет білдірушілердің санын арттырады. Себебі кез келген адам қаржылық қорытынды жасалуға тиіс уақытта, яғни жылдың соңында емтихан тапсыру үшін өзге елге бара алмайды.

Біздің қауіпті кезеңде шешім қабылдау арналған менеджмент сертификациясын (шешім қабылдау бойынша «қара белбеу») беретін FRM бойынша серіктесіміз бізбен бір келісімге келіп, жылдың аяғына дейін елімізде тест орталығын ашады.

Біз локальді провайдерлер халықаралық серіктестерге қажетті жағдай жасай алмай қалатын ыңғайсыздық болмас үшін бюро жанынан өзіміздің де тест орталығымызды ашқанды жөн көріп отырмыз.

Біз бұл процессте басты рөлді өз мойнымызға алып отырмыз. Себебі білім алу мен сертификцияға ие болғанға дейінгі барлық кезеңді аяғына дейін өзіміз қадағалағымыз келеді. Біз емтихандардың Қазақстанда өтуіне бар күшімізді саламыз.

Біздің негізгі идеямыз барлық бағдарламалар бойынша емтихандарды Қазақстанда тапсыруға мүмкіндік беру. Егер провайдерлер оған өздері мүкіндік жасай алмаса, біз оларға жүйелік тұрғыда көмек беруге даярмыз. Қазір біз барлық провайдерлермен,  тест орталықтарымен сөйлесіп, олардың қандай мүмкіндік жасай алатынын анықтаудамыз. Сертификациялық бағдарламалар да өздеріне қажетті жағдайды жасап беруіміз керектігін айтуда. Осының барлығын біріктіре отырып, бір шешімге келеміз. Тест орлаталықтарының өз елімізде болғаны біздің шәкірттер үшін өте ыңғайлы, бір жағынан білім алуды қолжетімді етеді.

— Бюро бағдарламасының тағы бір ерекшелігі оқуы аяқталғаннан кейін шәкірттер АХҚО-на немесе оның жанынан ашылған резидент компанияларға жұмысқа тұра алады. Бұл бағытта қандай жетістіктер бар?

— Біздің оқу бағдарламасының тағы бір жағы және жеке өзім жарты жыл жұмыс жасаған қыры бұл АХҚО-ның HR жүйесі. Себебі біз жай ғана білім беру үшін оқытпаймыз, біз АХҚО мен оның жанынан ашылатын компанияларға жұмысқа тұрғызуды қарастыратынымызды әрдайым айтып келеміз. Осы мақсатта АХҚО-ның HR-жүйесін ұғыну керек. Қандай компаниялар жүйеге енеді, олардың жүйелері қандай және өз кандидаттарына қандай талаптар қояды деген секілді.

Өткен аптада ғана АХҚО Бюросы тіркеуге тұрған компаниялардың бірінен өздерінің қаржылық орталықтарында жұмыс жасайтын бухгалтер керек деген өтініш алды. Бұл қызметке біз өз шәкірттерімізді ұсынатын боламыз.

Бір жыл ішінде біз жүйені құрып, шәкірттерімізге қажет білімді бере алдық. Қазір өз оқушыларымыздың бірін халықаралық компаниядағы аса қажетті қызметке орналастыруға тырысудамыз. Егер халықаралық компания біз ұсынған кандидатты қабылдайтын болса, біздің бағытымыз дұрыс деп есептейміз. Біз үшін бұл өзімізді бағалаудың ең жақсы тәсілі.

— Менің білуімше, Бюродағы ондаған адам АХҚО-ның өзіне жұмысқа қабылданып үлгерген.

— АХҚО администрациясы барлық биржа, сот және регулятордан тұратын үлкен экожүйенің бөлшегі болып табылады. Соңғы жарты жылдықта белгілі бір бағытта жұмыс жасай алатын мамандар қажет болған. Жұмысқа қабылдау мен таңдау процесін жеңілдету үшін біз Карьера орталығын құрдық. Орталық біздің шәкірттерге жұмыс тауып беруде. Шыныменде, біз онға жуық вакансияға өз адамдарымызды қабылдадық.

— Бір жылға жуық уақыт ішінде еліміздегі жүзден астам қаржылық сектор мамандарына арналып ерекше білім инфраструктурасы құрылды. Қазақстан аумағынан тыс та жұмыс жасайтын карьералық өсуге және өзіндік дамуға мүмкіндік беретін парадигма пайда болды. Әрі қарай қандай жоспарларыңыз бар?

— Өткен жылы біздің медиа орталық өте жоғары деңгейде жұмыс жасап, әртүрлі бағыттағы 19 ивентке қол жеткізді. Кері байланыс нәтижесінде біз профессионалды аудитория жұмысмызды жалғастыруымызды қалайтынын түсіндік. Бірақ былтыр біз көбіне профессионализмнің қаншалықты маңызды екендігі, оның жұмыстағы басты талаптардың біріне айналуы керектігі туралы айтсақ. Биыл нақты өз бағытымызды таңдауға тырысамыз.

Мысалы, шілдеде біз хедж-қорларды ашып, оларды басқарған үш халықаралық маманды шақырдық. Олардың бірі хедж-қорды өзі ашып, үлкен жұмыстар нәтижесін көрсетіп, оны өте қолайлы түрде сатып үлгерген.

Екіншісі, хедж-қорды 2-3 ай бұрын ғана ашқан, яғни ол инвестиция алғаннан кейін өз жұмысын жаңа бастаған. Үшінші маман венчурлы қорды өз күшімен ашқан.

Бұл мамандардың барлығының Қазақстанмен байланысы бар. Олардың бірі біздің елде бір жыл жұмыс жасаған. Екінші еліміздегі локальді компаниялардың бірінің директорлар кеңесінің мүшесі. Үшіншісі Лондонға Қазақстаннан көшіп барған.

Біз олардың хедж-қорды ашудағы тәжірибелерін, түйген ой-пікірлерін пайдалана отырып, біздің шәкірттерге қор туралы толық мәлімет бергендерін қалаймыз. Ақырын-ақырын біз АХҚО-ның бизнес саласын дамытуға ауысып келеміз.

— Бұл дегеніңіз АХҚО бизнестік даму бағытында жұмыс жасайды дегенді білдіреді ғой?

— АХҚО резиденттеріне қажетті көптеген сервистер бар. Олар қарапайым тіркелуден басталып, мамандарды таңдау, қызметтер консалтингі деп жалғаса береді. Қазақстан нарығында қаржы орталығының мүшесі бола алатын және елге келген халықаралық компаниялар резиденттеріне өз қызметін ұсына алатын компаниялар баршылық. Мысалы, егер АХҚО Private Banking жүйесіне енетін болса, оған дұрыс локальді аудиторияны ұсынатын және оған қаржы құятын сервистер керек.

Шын мәнінде, бұл АХҚО-ның компаниялар мен жеке тұлғалар өздігімен сервис құра алатын және халықаралық немесе жергілікті нарықта сұранысқа ие болатын аутсорсингтік орталық құруы жобаның соңғы бөлігі іспеттес.

Бұл жұмысқа бізде білім алып жатқан шәкірттерде қызығушылық танытуда. Себебі олар жай ғана оқушы емес, олар мемлекеттік немесе жекеменшік компанияларда қаржы нарығында жұмыс жасап жүрген профессионалды мамандар. Және олар өз компанияларының немесе жеке өздерінің бизнес бастамаларының дамуына мүмкіндік беретін жүйелерді осында танып біле алады.

— Менің түсінуім бойынша, Бюроның арқасында сіздердің бағдарлама бойынша білім алып жатқан жандардың бірі Қазақстандағы алғашқы хедж-қорды ашпақ қой.

— Иә, шыныменде, бізге осындай ұсыныс келіп түсті. Біздің бір шәкіртіміз хедж-қор ашуды қолға алғысы келеді. Ол өзі соңғы бес жылда инвестициялық портфелдерді тиімді түрде сатып келеді. Енді ол өзінің инвесторлық базасын кеңейтіп, жаңа тұтынушылар алып келуді көздейді. Оған серіктестер мен сервис керек. Біз оған Бюро ретінде көмек бергіміз келеді.

Тағы бір идея – сараптамалық және консалтингтік толыққанды компания жасап шығу. Біздің бірнеше шәкіртіміз өздерінің инвестициялық идеяларын жүзеге асырып, қазір тіпті көптеген тұтынушыларға қаржылық кеңес беруде.

Әртүрлі елдердегі әр бағыттағы секторларды сараптап, нақты зерттеулер жүргізіп, инвестициялық идеялар іздейтін шәкірттер де бар. Ал Қазақстанға жаңадан келген немесе басқа елге барған компаниялар осы бағыттағы зерттеулерді іздестіреді. Демек біздің шәкірттердің бұл жұмыстары текке кетпек емес.

АХҚО үшін Big Dota бағытындағы IT-сервистерді дамытқысы келетін компаниялар да бар.

Бұл заттардың барлығы дерлік қаржы орталығының мүшелеріне ауадай қажет. Компаниялар бизнес ашуды көздейді. Ал ол үшін қызметтерді және ақпараттарды, локальді нарықты меңгерген мамандарды білетін адамдар керек. АХҚО Бюросы аясында біз дәл осындай вакансияларды толтыруды көздейміз.

Біз академиялық орталықтан, тренигтік орталықтан, медиа орталықтан, карьералық орталықтан бастадық. Енді соңғы этап қалды. Ол бизнес девелопментке арналған аутсорсингтік орталық құру. Біз адамдарды АХҚО жанындағы компанияларға жұмысқа тұрғызып қана қоймай, жаңа компаниялар құрып, жаңа жұмыс орындарын ашып, жаңа келісімшарттар мен серіктестіктерге қол қоюдамыз.

— Яғни, енді барлық компаниялар мен адамдар жеке идеялары мен АХҚО тіркелуге басланысты сұрақтары болса, сіздермен байланысады ма?

— Егер сіздердің идеяларыңыз болса, АХҚО-ның мүшесі болғыңыз келсе, осы деңгейдегі көмек қажет болса, немесе жұмыс жасап жатқан компанияңыздың АХҚО-да филиалын немесе өкілетті орнын ашқыңыз келсе, онда тікелей менімен байланыссаңыздар болады. Мұндай өтініш жіберген компаниялар өте көп. Тіркелу процесінде 50 компания бар. Олар өз сұраныстарын өткізіп, қазір жеке бизнес-модельдерін құрастыруда.

Осы жарты жылдықта біз аустсорсингтік орталық пен коворинг спейс құрамыз. Онда барып, АХҚО-ға қалай кіруге болатынын, резиденттерге қандай сервистер керек, дамуға арналған жаңа бағдарламалар қайда деген сұрақтарға жауап алуға болады.

Бюро ретінде аутсорсингтік орталыққа енетіндер үшін офис бойынша қаржылық шығындарды біз азайтып, төменгі бағада жасаймыз. Адамдардан керегі уақыт, идея және құлшыныс. Ал біздің мақсат – идеяны алғашқы келісімшартқа жеткізу.

Аутсорсингтік орталықтың идеясы жай ғана инкубатор болу емес, резиденттерге алғашқы келісімшартқа қоз жеткізуге көмектесу. Олар алғашқы келісімге қол қойғаннан бастап, компания ақша алып, команда жинап, әрі қарай дами алады. Біз ең басты бастапқы бөлікте жәрдемдескіміз келеді.

— Сіз жақында ғана Дубай мен Абу-Дабидегі қаржылық орталықтарға барып келдіңіз. Олар адам капиталын қолданудағы жұмыстарын бір ретке қалай келтірген?

— Барлық біріккен әмірлектер Еуропадан, нақтырақ айтсақ Лондоннан адамдарды тартқан. Осының нәтижесінде жалақыны екі есе көтерген. Ал бұл өз кезегінде қызметтер бағасына әсер етеді.

Бірінші кезекте АХҚО қаржы орталығы баға тұрғысынан қолайлы болуы керек. Сондықтан біз жергілікті мамандарды таңдап, Қазақстанның адами капиталына инвестиция құйғанды жөн көрдік. Ұзақ мерзімді дамуды ойласақ, 5-10 жылдықта қызмет бағасы арзан қаржы орталығы жеңіске жетеді. Себебі көптеген компаниялар дамудың басты тетігі шығындарды азайту деп есептейді.

Ал қаржы орталығында әртүрлі сауда платформаларын былай қойғанда ең көп шығын жалақыға кетеді. Кімнің сапалы қызметкерлері болса, соның капиталдар нарығында мүмкіндігі көп болады.
Екіншіден, Дубай мен Абу-Дабидегі қаржы орталығында қалыптасқан бизнес пен әлемдік ірі өкілдер жұмыс жасайтын бастапқы сегменттер бар. Өздеріне сол жеткілікті секілді. Оларда барлығы бірқалыпты және үлкен өсім жоқ. Қазір оларда қымбат экспорттарды сәл арзандау экспорттарға ауыстыру процесі жүргізілуде. Және онда барлығы баяу.

Біздің қазақстандық мамандарымыз әлдеқайда жас әрі мобильді, білім алуда да жылдам. Егер олар Шығыста инновация туралы сөз қозғап, талқыға салып жатса, бізде ол тетіктер әлдеқашан орналытылып қойған.

Қазақстандықтардың басты артықшылығы жаңа нәрселерді әсіресе қазіргі күрделі инструменттерді тез қабылдап, үйреніп алуында. Біз Бюро ретінде профессионалдардың білікті әрі сергек ойлары болуына көмектесеміз. Бұл жағынан біз олардан алға оздық деуге болады.

Мысалға Абу-Дабидегі қаржы орталығы біздің Бюро ашқан профессионалдарға арналған академияны өткен айда ғана ашқан. Біз ол жақта болғанда олар біздің тәжірибемізге қызығушылық танытты. Олар, мысалы, университтерге шығындалады.

Ал біздің ойымызша, практикалық білімі мен жұмыс өтілі жоқ студенттерден гөрі өз ісінің профессионалы болған, карьерасын құрып үлгерген адамдарды алу аса пайдалы.

— Қазақстанның білім беру ландшафтында АХҚО Бюросы қандай орын алды?

— Бір жыл ішінде АХҚО Бюросы гипотезалық жобадан бастап, қағаздағы идея және концепциялық идея сынды әртүрлі кезеңдерден өтті. Барлық концепция өзінің дұрыс бағытта екіндігін көрсетіп, біз Бюроның АХҚО-дағы маңызын толық түсіндік.

— Болашақтағы жақсы болжам жаңалықтармен бөліссеңіз. Қазір Қазақстанның қаржылық нарығында жақсы жаңалықтар өте аз болып кетті.

— Меніңше, келесі жылы жергілікті хедж-қор пайда болады. Бұл батыстан келген қор емес, оны жергілікті мамандар жасайды.
Екіншіден, өте көп қаржылық инструменттер мен бағдарламалар пайда болады. Жаңа инвестиция инструменттері пайда болады. Депозиттерден бөлек, RobinHood, Wealthfront және т.б. сынды.

Материал hipo.kz аударылды

Осы айдарда

Close