«Ескі» дәрі қобидашалары әлі де жарамды

455

2015 жылдың 11 қаңтарына дейін шығарылған дәрі қобдишалары ішіндегі дәрі-дәрмектің мерзімі өткенше іске жарамды деп мәлімдеді Денсаулық сақтау және әлеуметік даму министрі Тамара Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, дәрі қобдишасында сақталатын заттардың температурасын қадағалап отыру мүмкін емес болғандықтан, сарапшылар қобдиша құрамынан сутегі асқын тотығының ерітіндісін (3%) алып тастау туралы шешімге келген.

Соңғы бекітілген тізім 11 заттан тұрады және Еуропа елдерінің стандарттарына жақындатылған, ал Ресей мен Беларустың талаптарына сай келеді.

Сонымен қатар, министр көлік жүргізушілерінің жаңа құрамдағы дәрі қобдишасын алу міндетті еместігін, өздері қолдан құрап алса да болатындығын еске салды.

Ақпарат көзі: lafa.kz