Еуразиялық банк сертификаттаудан сәтті өтті

банк
Фото: yvision.kz

Алматы. 25 шілде. 7kun.kz — Еуразиялық банк PCI DSS төлем карталарының ақпаратты қорғау бойынша халықаралық стандарттың 3.2 нұсқасының талаптарына сәйкес болуға қатысты жыл сайынғы сертификаттаудан өтті. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

PCI DSS (Payment Card Industry Data Security Standard, төлем карталардың қауіпсіздік стандарты) Visa, MasterCard, American Express, JCB және Discover сияқты танымал жүйелермен құрылған Төлем карталары индустриясының қауіпсіздік стандарттары жөніндегі кеңеспен  (Payment Card Industry Security Standards Council, PCI SSC) әзірленді.

«3.2. стандартының ең соңғы нұсқасына сәйкес болу клиенттердің және олардың транзакцияларының деректері сақталған банктің ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігі берік екендігін растайды. Одан бөлек, төлем карталардың деректерін сақтау, өңдеу және жеткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық жүйелерді қамтыған «FortConsult» компаниясымен өткізілген тәуелсіз аудиторлық тексеру барысында «Еуразиялық банк» АҚ-тың PCI DSS төлем карталар саласының стандартына сәйкес екендігін растады», — делінген хабарламада.

«Біз өз клиенттерімізге ең қолайлы және сұранысқа ие банктік өнімдерді және сервисті ұсынуға талпынамыз, сондай-ақ төлем операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — біздің басым міндеттермісіздің бірі», — деп мәлімдеді «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма Төрағасы Павел Логинов.