Еуразиялық одақта валюта саясаты пайда болады

475

Еураиялық экономикалық одақтың қаржылық реттеуіштері валюталы саясат мәселесін талқылайды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның министрі Роберт Арутюнян мәлімдеді деп хабарлайды  LS.

«Өкінішке орай, ЕАЭО жұмысы қатысушы елдердегі ұлттық валютаның девальвациясынан басталды, нәтижесінде біз ішкі кооперация мен сауданың төмендегенін байқап отырмыз. Одақтың кейір елдері өз өнімдерін өткізу бойынша қиындықтарға тап болып жатыр. Осыған байланысты валюталы саясатты келісіп алудың маңызы зор», — деп атап өтеді Р.Арутюнян.

Оның сөзінше, жақын уақытта мүше-мемлекеттердің қаржы реттеуіштері аталған мәселені талқылауды бастайды. Министр өзара сауданы жүзеге асыру кезінде ұлттық валютаны қолдану көлемін көбейту қажеттігінің маңыздылығын атап өтеді.

«Дәл қазіргі уақытта ЕАЭО аясындағы өткір мәселелердің бірі салықтық реттеу болып қалады. Әсіресе, жанама салық бөлігіне көңіл бөлу керек. Одақ аясында салықтық реттеу жүйесіне жанама салық төлеу принципі мен импортердің әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін экспортердің жауапкершілігі енгізлуі мүмкін. Менің ойымша, бұл жауапкершілікті бөлудегі тиімсіз жүйе болып табылады», — деп есептейді Р.Арутюнян.

Ол осы процес нәижесінде мүше-мемлекеттердің трансшекара нарығында әрекетін жүзеге асыру кезінде екі еселі салық төлеуі жиілеуі мүмкін деген пікірде. Бұл өз кезегінде өзара сауда көлемін төмендетуге әкеледі. Аталған жағдаймен күрестің тиімді жолдары ретінде серіктестікті нығайтып, едердің салық органдары қажетті мәліметтермен өз уақытында алмасып отыруы қажет деп қорытындылады Еуразиялық комиссия министрі.