Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясының басшысы ауысты

Гриненко
Фото: kapital.kz

Алматы. 1 қыркүйек. 7kun.kz – «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің шешіміміне сәйкес(ЕЭК, Eurasian Resources Group тобына кіреді), Валерий Гриненко компанияның президенті болып тағайындалды. Бұл туралы ERG баспасөз қызметі хабарлады.

В.Гриненконың Абдуазим Рустамбаевтың орнына келді. Абдуазим Рустамбаев зейнетке шығуына байланысты компаниядан кетті.

В.Гриненко бұған дейін «Еуразиялық топ» ЖШС-ның сервистік бизнес жөніндегі басқарма төрағасының кеңесшісі, «ERG Service» АҚ бас директоры болып қызмет атқарды.

Eurasian Resources Group ең ірі феррохром өндірушісі, сондай-ақ әлемдегі темір кенін және алюминий тотығын негізгі өндірушісі болып табылады. Eurasian Resources Group өндіру активтері мен кен орнын дамыту жобалары төрт құрлықты қамтиды, Компания сондай-ақ саладағы ең ірі жұмыс беруші болып табылады. Әлем бойынша Топтың 75 мыңнан астам қызметкері бар.

Еуразиялық Топ Қазақстан Республикасының аумағында ERG-дің келесі өндірістік активтерін басқаруды жүзеге асырады: «Қазхром»ТҰК» АҚ, «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКӨБ), «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ (ҚЭЗ), «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ (ЕЭК), «Шұбаркөл көмір» АҚ және «ТрансКом» ЖШС – жиынтығында Қазақстан экономикасына маңызды үлес қосатын еліміздің ірі кәсіпорындары.