Еуроодақ пен Кедендік Одақ арасында еркін сауда орнауы мүмкін

977
Еуроодақ пен Кедендік Одақ арасында еркін сауда орнауы мүмкін

Ресейдің Еуроодақтағы тұрақты өкілі Владимир Чижов ЕО-пен Кедендік Одақ арасында еркін сауда аймағын орнатуға болады деп есептейді.  

«Сауда жүйелерін сәйкестендіру үшін ұзақ жылдар жұмыс істеу керек. Бірақ іске асыруға болады», — деді ресейлік жоғары лауазымды дипломат  Брюссельдегі  Ресей мен Еуроодақ қарым-қатынасының шиеленесуіне бағытталған халықаралық конференция кезінде.

Ол сондай-ақ Ресейдің  Еуроодақпен стратегиялық диалогтан бас тартпайтындығын да атап өтті.  Влдаимир Чижовтың сөзінше екі жақта бірнеше бағыт бойынша серіктес болуға мүдделі.

«Бүгін болып жатқан жағдайларға қарамастан мен Еуроодақпен Ресейдің стратегиялық қарым-қатынас орнататындығына шын сенім білдіремін.  Біз әрдайым георгафия, тіл, дін және ортақ қауіпсіздік жағынан байланыста боламыз», — деді ЕО-тағы ресейлік дипломатиялық миссия басшысы.