Еуроодақтың қара тізімінен қазақстандық әуекомпаниялар шығуы мүмкін

әуекомпаниялар
Фото: kapital.kz

Астана. 8 қараша. 7kun.kz —  23 қарашада қазақстандық әуекомпанияларды «Еуроодақтағы қауіпті әуетасымалдаушылар»  қара тізімінен шығару мәселесі қарастырылады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов хабарлайды. 

« 23 қараша күні есеп комиссиясы өтеді. Сол жерде қазақстандық әуекомпаниялардан шектеулерді алып тастау туралы шешім  қабылданады. Саясат мәселесі қозғалынбаса, мәселе шешіледі деген ойдамын»,  — деді ол.

Оның айтуы бойынша, қазір қазақстандық әуекомпаниялары ИКАО талаптарына 74% — ға сәйкес.

«Бұл көрсеткіш орта еуропалық деңгейге жақын. Ол ТМД елдеріне қарған жоғары көрсеткіш», — деп атап өтті  Азаматтық авиация комитетінің төрағасы.

Қара тізімге Еуроодақта әрекетіне тыйым салынған немесе шектеу қойылған әуекомпаниялар кіреді. Олардың арасында қазақстандық әуетасымалдаушылар да бар. Өткен жылдың желтоқсанында ол тізімнен Air Astana шығарылған еді.

 Айжан ТЫНЫШБЕК «7»