Евгения Шәймерден «Halyk Finance» АҚ-нан кетті

ипотекалық
Фото: krasarbitrgrupp.ru

Алматы. 2 шілде. 7kun.kz – Басқарма мүшесі — Басқарма төрағасының орынбасары Евгения Шәймерден «Halyk Finance» АҚ-нан кетті. Бұл туралы 27 маусымда директорлар кеңесінің шешімінде айтылған.

KASE хабарлағандай, Евгений Шәймерденнің өкілеттігі мерзімінен бұрын 29 маусымнан бастап тоқтатылды.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «Halyk Finance» АҚ Басқармасы үш адамнан тұрады: Талғат Аюпов (басқарма төрағасы), Фархад Охонов (басқарма төрағасының орынбасары), Роман Асылбеков (басқарма мүшесі).

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 30 Сәуірде «Halyk Finance» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Темірхановтың жұмыстан босатылғаны туралы хабарлады. Онымен еңбек шарты бұзылған.