«Евразия» СК Үндістаннның резервтік банкін сақтандырады

«Евразия»
Фото: nb.kz

Алматы. 29 мамыр. 7kun.kz — Қазақстандық «Евразия» сақтандыру компаниясы жалпы сомасы 530 млн доллардан (200 млрд теңгеден астам) асатын Үндістан резервтік банкінің сақтандыру жобасына қатысуға ұсыныс алды.

Үндістанның резервтік банкі — Үндістан үкіметінің, штаттар билігінің, коммерциялық банктердің және басқа да кейбір қаржы институттарының банкі. Ол Үндістанның үкіметіне қаржылық мәселелер бойынша кеңес береді. Банк елдің және штаттар үкіметінің мемлекеттік борышын басқарады. Үндістанның банк жүйесін тікелей реттеу бойынша кең өкілеттіктерге ие. Сондай-ақ, банктің елде валюталық резерві бар.

«Үндістер мыңдаған жылдар бойы сақтап келген сенімдері мен дәстүрлеріне берік. «Еуразия» СК-ның мұндай жобаға қатысуы біздің бизнестегі сенімді қарым-қатынасымызды тағы бір рет атап өтеді», — деді «Еуразия» СК атқарушы директоры Шәкір Иминов.

Үндістанның резервтік банкі 1935 жылдың 1 сәуірінде құрылды. Штаб-пәтерде резервтік банктің басшысы орналасады.

Бастапқыда банк жеке меншікте болғанына қарамастан, 1949 жылы мемлекет иелігінен кейін Резервтік банк Үндістан үкіметіне толығымен тиесілі болды.

Айта кетейік, «Евразия» СК — әлемдегі сақтандыру қауымдастығының негізгі ойыншыларының бірі. 15 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді.