EXPO-2017 обьектілері Ұлттық банкке беріледі

439

Қазақстанның Ұлттық банкі Астанаға көшеді. Бірақ Алматы ірі ұлттық қаржылық орталық болып қала береді. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

Осыған дейін Қазақстан Ұлттық банкі 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін Алматыдан Астанаға орын ауыстырады деп айтылған еді.

«Президент шешімдерінің бірі 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін кезең-кезеңімен Ұлттық банктің орнын ауыстыру болып табылады. Яғни екі жыл ішінде біз қажетті инфрақұрылымды дайындауымыз қажет. ІТ инфрақұрылымын, Ұлттық банктің штаб пәтерін Астанаға апару керек», — деді Қайрат Келімбетов Астана экономикалық форумы кезінде. Ол ЭКСПО-2017 көрмесі үшін салынған обьектілерінің барлығы Ұлттық банкке берілетіндігін атап өтті.

«ЭКСПО-ға салынғандардың барлығы Ұлттық банкке беріледі. Біз кейін сол жерде боламыз. Мемлекет басшысы Алматы ұлттық масштабтағы қаржылай орталық болып қала береді деп мәлімдеді. Енді банктер көшу-көшпеу керектігін өздері біледі. Кейбіреулері штаб пәтерлерін ауыстыра бастады, кейбіреулері қалады. Әркімнің өз таңдауы болады», — деді ол.