Facebook 5 млрд доллар айыппұл төлейді

Facebook
Фото: iz.ru

Алматы. 25 шілде. 7kun.kz – Facebook пайдаланушылардың жеке мәліметтерінің жаппай жайылуы үшін рекордтық айыппұл төлейді, — деп хабарлайды CNBC АҚШ Федералдық сауда комиссиясына (ФСК) сілтеме жасап.

Бұл Федералдық сауда комиссиясы технология саласындағы компанияға тағайындаған тарихтағы ең үлкен айыппұл. Алдыңғы рекорд 22,5 млн доллар Google-ге тиесілі: компанияға жеке құпиялылық саясатына байланысты 2012 жылы айыппұл салған.

Әлеуметтік желілердің реттеушісі мен алыбы 20 жылға арналған келісімге қол қойды. Оның шарттарына сәйкес компания пайдаланушылардың жеке мәліметтерімен жұмыс істеу саясатын қайта қарайды және Facebook негізін қалаушы және басшысы Марк Цукербергтің өкілеттігін шектейді. 5 млрд доллар айыппұл 2018 жылғы түсімнің шамамен 9%-ын құрайды.

ФСК-мен жасалған келісім үшінші тарап қосымшаларын жасаушылар үшін клиент мәліметтеріне қол жеткізу ережелерін қатаңдатуды қарастырады және Facebook-тен қауіпсіздік мақсатында жарнама үшін пайдаланушылардың телефон нөмірлерін пайдаланбауды талап етеді.

Компания жаңа тәжірибелерді қатаң талаптарға сәйкестігін үнемі тексеріп отыруы керек және Цукерберг бұл тексерулердің дұрыстығы үшін жеке жауап береді.

Сонымен қатар, реттеуші Facebook-ті 500 немесе одан да көп пайдаланушылардың деректеріне қауіп төндіруі мүмкін барлық оқиғалар туралы хабарлауға және 30 күн ішінде тиісті құжаттаманы ұсынуға міндеттеді.