Facebook жеке криптовалюта жасауды жоспарлап отыр

112
Facebook
Фото: ://logincasino.com

Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz — Facebook әлеуметтік желісі миллиард қолданушыға арналған жеке криптовалютасын жасауды жоспарлап отыр деп хабарлайды Cheddar телеарнасы. 

«Жаңа криптовалюта арқылы Facebook қолданушылары онлайн-төлем жасай алады. Олар (Facebook-тегілер) жаңа валюта шығаруды қолға алған»,-деп ақпарат таратты америкалық телеарна.

Facebook бір жылдан бері блокчейн технологиясын зерттеп келеді. Бір жыл бұрын бұл істі бір қызметкер зерттесе, қазір онға жуық адам блокчейнді зерттеп жатыр. Жаңа зерттеу бөлімін Messenger қосымшасына жауапты әрі компанияның вице-президенті Дэвид Маркус басқарады деп хабарлады Cheddar телеарнасы