Facebook Қазақстанға неше салық төледі?

Алматы. 12 тамыз. 7kun.kz – Жыл басынан бастап интернетте қызмет көрсететін шетелдік компаниялар, сондай-ақ интернет арқылы жеке тұлғаларға тауар сататын шетелдік сауда алаңдары ҚҚС немесе Google салығын төлеп отырулары тиіс, деп хабарлайды 7kun.kz.

2022 жылғы 11 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан бюджетіне осы салық бойынша шамамен 3 млрд теңге түсті.

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, Googlе-ға ең ірі салық төлеуші Facebook, Instagram және WhatsApp қызметтеріне иелік ететін Media ​​атанды. Алты айда одан Қазақстан бюджетіне 1 миллиард теңгеден астам қаржы түсті.

Атауы Төленген салық сомасы (теңге) 2022 жылдың 1 тоқсаны Төленген салық сомасы (теңге) 2022 жылдың 2 тоқсаны
Meta Platforms Ireland Limited 1 016 362 022 1 341 567  
Facebook Payments International Limited 287 626  
Facebook Technologies ireland Limited 1 233 735  
Cleverbridge AG 1 789 828  
Netflix International B.V. 66 021 222 69 335 531
iHerb 658 592 165  
Zoom video Communications 5 153 950 34 084 191
Huawei Services (Hong Kong) Co., Limited 8 051 401  
Coursera 3 116 190  
Qnet Limited 155 262 830 100 424 941
Google Commerce Limited 118 570 250  
Google Voice Inc 4 274  
Google Cloud EMEA Limited 7 583 441  
Adobe Systems Software Ireland Limited 9 763 173  
Wargaming Group Limited 24 573 765  
Valve Corporation 223 987 652 226 609 308
ООО “Купишуз” 236 631 601  
Amazon Advertising LLC 533 102  
Amazon.com Services, LLC 9 747 354  
Amazon Web Services EMEA Sarl 8 348 558  
Audible Limited    
Amazon EU Sarl 540 470  
Amazon Services Europe SARL 328 427  
InternetResheniia (Ozon) 74 848 701  
Xsolla 13 633 111  
Барлығы 2 644 964 849 431 795 538