Facebook құрып тынуы керек

47
Крис Хьюз / Фото Getty Images

Facebook-тың негізін салушылардың бірі Крис Хьюз The New York Times-тегі авторлық бағанасында әйгілі әлеуметтік желі құрып тынуы керек деп жазды.

35 жастағы Крис Хьюз Марк Цукерберг, Эдуардо Саверин мен Дастин Московицпен бірге 2004 жылы Facebook-тың негізін салушылардың бірі болды. Алайда 2007 жылы компаниядан кетті. Одан бері ол Барак Обаманың сайлау кампаниясына қатысты, кәсіпкерлік пен әлеуметтік салада бірқатар жобалар ашып, кейінірек жауапкершілігі аз бизнесті сынаушылардың біріне айналды. 9 мамыр күні Хьюз The New York Times -ке «Facebook-ті құртудың уақыты келді», деген пікір жариялады.

Онда ол Цукербергті «өте қарапайым адам», деп жазады. Бірақ «оның билікқұмарлығы сол қарапайымдылығынан шығып отыр, оның өмірі бастығы болған емес», деген ол «билік Цукербергті «өз қарамағына» алуы керек. Ол арқылы билік монополияны бұзып, Facebook-ті реттегені жөндеген», деген ой айтады.

«Facebook жарты триллион доллар тұрады, менің есебім бойынша әлемдегі әлеуметтік желілердің табысының 80% иеленіп отыр. Бұл бәсекелестерінің мүмкіндіктерін шектеп, дойып отырған алып монополия. Facebook саясатының арқасныда бәсекелестері дами алмай отыр. Егер олар жаңа бір нәрсе ойлап тауып, дами бастаса Facebook оның инновациясын көшіріп немесе сатып алып, бизнесін құрдымға жібереді. Байқасаңыздар 2011 жылдан бері жаңа әлеуметтік желі пайда болған жоқ. Басқа салалардағы монполистермен бірге жаулап отыр. Мен Маркті айыптамаймын. Ол өзінің мықты бизнесмен екенін көрсетті. Алайда ол кәсіпкерлік рухты өлтіріп, тұтынушыға таңдау қалдырмайды», деп жазады.

Оның ойынша Facebook — Instagram мен WhatsApp-ты бөліп, үш компанияға айналуы керек.