Ferrari акцияларының IPO-дағы бағасы белгілі болды

Итальяндық Ferrari спорткар өндіруші алдағы IPO аясындағы кейбір шарттарды жариялады. Бұл туралы LS хабарлайды.

«Фридом Финанс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Аркадий Рахилькин Ferrari акцияларының 94,4% -ы Fiat Chrysler тобына тиесілі екенін атап өтіп, 17 млн бағалы қағаздардың  сатылатынын айтты. Оның есептеуінше, баға көлемі жарғылық капиталдың  шамамен 9%-ына тең. Сондай-ақ, Ferrari  баға ауқымын бір акцияға $48-$52 көлемінде бағалаған.

Оның ақпаратынша, итальяндық өндіруші 2014 жылы 7255 автокөлік сатқан. Таза табысы 3,14 млрд доллар болды. 2015 жылдың ІІІ тоқсанында компанияның  таза табыс көлемі  720-730 млн еуро болады деп болжануда.

Италияндық спорткар өндіруші Ferrari-дың акцияларына қазақстандықтардың қол жеткізулеріне мүмкіндіктері бар.