«Fincraft Resources» компаниясы туралы

93

Бұрын компания «SAT & Company» АҚ деп аталған, 2018 жылы Fincraft Resources деп өзгертті. Компания 2001 жылғы 18 қазанда «SAT & Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі деген атпен құрылды және 2006 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлік қоғам болып қайта тіркелді.

2018 жылдың 26 қыркүйегінде «SAT & Company» АҚ «Fincraft Resources» атауын өзгерткеніне байланысты сот органдарында мемлекеттік қайта тіркеу рәсімінен өтті.

Компания тау-кен, мұнай-химия, құрылыс, машина құру саласындағы 50-ге жуық кәсіпорындарды біріктіреді.

Директорлар Кеңесінің Төрағасы Кеңес Рақышев, Басқарма Төрағасы — Ыдырысов Ерлан.

Акционері — Кеңес Рақышев — инвестор, кәсіпкер және Қазақстандағы ең танымал кәсіпкерлердің бірі.

Компанияның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Ресми сайты: fincraftresources.kz