Финдердің білім берудегі 7 қағидасы

897
Финдердің білім берудегі 7 қағидасы.Экономикалық ынтымақтастық

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының 3 жылда бір рет өткізетін халықаралық зерттеуіне сәйкес, фин оқушылары әлем бойынша ең жоғары білім деңгейін көрсеткен. Сонымен қатар, олар ең көп оқитын балалар: жаратылыс ғылымдары бойынша 2-ші орында, ал математика бойынша 5-ші орында. Ең қызығы, осындай жоғары нәтижелерді көрсете отыра, ел оқушылары әлем бойынша білім алуға ең аз уақыт жұмсайды екен.

Финляндиядағы міндетті жалпы білім беретін орта мектептер екі сатылы болып бөлінеді:

  • төменгісі (alakoulu), 1-6 сыныптар;
  • жоғарғысы (yläkoulu), 7-9 сыныптар.

Қосымша 10 сыныпта оқушылар өз бағасын жақсарта алады. Содан соң балалар оқуларын кәсіби колледждерде не болмаса лицейде (lukio) жалғастырады. Лицей дегендері біздің 11-12 сыныптарға келеді.

flag-of-finland-92313-278_mini-1024x744

Финдердің білім беру жүйесінің орта «сатысының» 7 қағидасы:

  1. Теңдік
  • Мектептердің теңдігі.

Элиталық немесе «қарапайымдары» жоқ. Ең ірі деген мектепте 960 бала тәлім алады. Ең кішкенесінде – 11. Барлықтарының жабдықтары, мүмкіндіктері мен қаржыландырылуы бірдей. Мектептердің барлығы дерлік мемлекеттік, оншақты мектеп қана жартылай жекешелендірілген.

  • Барлық пәндердің теңдігі

Бір пәнге зиян келтіріп, бір пәнді тереңдетіп оқуға жол берілмейді. Мұнда, мысал үшін, математика өнерден артық болып есептелінбейді. Керісінше, дарынды балаларға арналған сыныптардың құрылуы үшін суретке, музыкаға, спортқа деген бейімділік себеп болуы тиіс.

  • Ата-аналардың теңдігі

Баланың ата-анасы кім, мамандығы (лауазымы) қандай? Бұндай мағлұматтар мұғалімді қызықтырмайды. Мұғалімдерге ата-аналардың жұмыс орны туралы сұрастыруға, сауалнама жүргізуге тыйым салынған.

  • Оқушылардың теңдігі

«Жаман» не болмаса «жақсы» оқушылар жоқ. Оқушыларды бір-бірімен салыстыруға болмайды. Кемеңгер балалар мен ақыл-ойында кемістігі барлар да «ерекше» болып есептелініп, барлығы бірге оқиды. Жалпы топтарда мүгедектер де болады. Финдер айрықша күтуді талап ететіндерді қоғамға барынша жақындатуға тырысады. Әлсіз әрі мықты оқушылар арасындағы ең төменгі айырмашылық — дүние жүзі бойынша осы Финляндияға тиесілі көрсеткіш.

  • Ұстаздардың теңдігі

Мұғалімдер «өз сыныбы» үшін күйіп-жанбайды, балалар арасынан ешкімді ерекшелемейді. Осындай гармониядан ауытқыған мұғаліммен келісім-шарт бұзылуы мүмкін. Фин мұғалімдері тек жетекшінің жұмысын атқарады.

  • Үлкендер (мұғалім, ата-ана) мен баланың теңдігі

Финдер бұл қағиданы «оқушыға деген құрмет» деп атайды. Балаларға 1 сыныптан бастап олардың құқықтарын түсіндіреді, оның ішінде үлкендерге «шағым түсіру» құқығы бар. Осылайша ата-аналарға балалар дербес тұлға деген түсінікті ұғындырады, оларға сөзбен де, таяқпен де зәбір көрсетуге болмайды. Мұғалімдермен тек 1 жылға есептелінген келісім-шарт жасалынады, кейін мерзімді ұзартып отыруға болатын да нұсқалары бар. Еңбекақылары да жоғары (2 500 евродан жоғары көмекшілер алады, пән мұғалімдері – 5 000 дейін).

  1. Ақысыздық

Оқу тегін, сонымен қатар төмендегілер тегін:

  • түскі ас;
  • экскурсиялар, мұражайлар және сыныптан тыс қызметтердің барлығы;
  • көлік (егер мектепке дейінгі қашықтық 2 шақырымнан артық болса, әкеліп-әкетеді);
  • оқулықтар, барлық кеңсе керек-жарақтары, калькуляторлар, тіпті ноутбук-планшеттер.

Қандай да бір себеппен ата-аналардан қаражат жинауға тыйым салынған.

Finland-Kirkkojarvi-School-631.jpg__800x600_q85_crop

  1. Даралық

Әр бала үшін жеке оқыту мен даму жоспары әзірленеді. Дараландыру пайдаланылатын оқулықтарды, сыныптағы мен үй тапсырмаларының көлемін, оларға бөлінетін уақытты қамтиды.

Сабақта бір сыныптағы балалар күрделілігі әр деңгейдегі жаттығуларды орындайды.

  1. Іскерлік

Финдер «Біз оқушыларды өмірге не емтиханға дайындауымыз керек. Біріншісін таңдаймыз» дейді. Сол себепті фин мектептерінде емтихандар болмайды. Аралық бақылаулар – мұғалімнің өз қалауы. Міндетті стандартты тест біреу ғана – ол жалпы орта мектепті бітіргендегі бақылау. Және де мұғалімдер оқушылардың нәтижелері үшін есеп бермейді және оларға арнайы дайындамайды.

Мектепте тек өмірде қажет болатын нәрселерді оқытады. Мысалға, домна пештерінің құрылысын білудің қажеті жоқ, оны үйретпейді. Алайда балалар кішкентайынан портфолио, келісім-шарт, банк картасы деген не екендігін біледі. Салық пайызын немесе келешектегі табысын есептей алады, интернетте сайт ашып, жеңілдік жасалған тауар бағасын анықтай алады.

3aeffbeb1748a92e7c9a0164f0b8b178

  1. Сенім

Біріншіден, мектеп қызметкерлері мен мұғалімдерде тексеру болмайды, қалай білім беру керектігін үйрететін әдіскерлер жоқ.

Екіншіден, балаларға деген сенім: сабақта өз қалағаныңмен айналысуға рұқсат. Мысалы, әдебиет сабағында бір фильм қосылса, бірақ ол оқушыға қызықсыз болса, ол кітап оқи алады. Оқушы нені пайдалы деп санаса, сонымен айналысады.

  1. Еріктілік

Оқығысы келген оқиды. Мұғалімдер оқушы назарын аударып бағады, бірақ егер балада қызығушылық немесе оқуға деген қабілет мүлдем болмаса, баланы келешекте пайда әкелетін, «жеңіл» кәсіпке икемдейді. Барлығы айтулы ғалым болмайды, автобус жүргізушілері де қажет-ақ.

Мұнда да орта мектептің бір міндеті бар – жасөспірімнің оқуын лицейде жалғастырғаны дұрыс па, әлде білімнің минималды деңгейі жеткілікті ме, немесе кәсіби оқу орнына барғаны абзал ма дегендей бағыттарды анықтау. Айта кететін жайт қез келген бағыт бірдей бағаланады.

  1. Дербестік

Финдердің ойынша, ең бастысы – балаға болашақта табысты дербес өмір сүруді үйрету. Сол себепті ойлауға және білімді өздігінен алуға баулиды. Мұғалім жаңа тақырыптарды айтпайды – барлығы да кітапта бар. Маңыздысы формулаларды жаттап алу емес, анықтамалықты, мәтінді, интернетті, калькуляторды пайдалана білу.

Өмірдегі жағдайларға толығымен даяр болсын деген оймен, мектеп мұғалімдері оқушылар арасындағы шиеленістерге де араласпайды.

Дереккөз