Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Ұлыбританияның кредиттік рейтингін «AA+»-тен «AA» деңгейіне дейін төмендетті. Рейтинг бойынша болжам «жағымсыз» деп танылды.
Сондай-ақ, Fitch Біріккен Корольдіктің ЖІӨ өсіміне қатысты болжамды 2016 жылғы нәтижеге сәйкес, 1,9%-дан 1,6%-ға дейін төмендетті.
«Ұлыбританияның 23 маусымдағы референдум кезіндегі Еуропалық одақтан шығу туралы шешімі Британияның экономикасына, мемлекеттік қаржысына және саяси тұрақтылығына кері әсерін тигізеді», — делінген агенттік хабарламасында.
Айта кетейік 27 маусым күні Standard & Poorʼs агенттігі Ұлыбританияның рейтингін бірден екі сатыға «AA» деңгейіне дейін темендету туралы шешім қабылдады. Референдумнан соң фунт стерлингтің шетел валюталарына қатысты бағамы әлсіреді.