Fitch Ratings ForteBank рейтингі бойынша болжамын жақсартты

12
Fitch Ratings
Фото: Tengrinews.kz

Алматы. 04 желтоқсан. 7kun.kz — 2019 жылғы 3 желтоқсанда Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі ForteBank эмитентінің дефолты ұзақ мерзімді рейтингін «В» деңгейінде растағаны туралы хабарлады.

«ForteBank соңғы бірнеше жылда тұрақты және негізді табыстылықты көрсетеді (ROAA және ROAE — 2,3% және 2019 9 айында 20%), бұл — біздің ойымызша тұрақты көрсеткіш. Forte активтерінің сапасы төмен тәуекелге ие», — деп пікірін білдірді Fitch сарапшылары.

Олардың сөзінше, банктегі қаржыландыру және өтімділік сапасы — рейтингтің салыстырмалы түрде күшті жағы.

«Fitch рейтингі бойынша ForteBank болжамын жақсарту — біз және біздің клиенттеріміз үшін маңызды оқиға және тағы да банктің тұрақтылығы мен сенімділігін растайды. Біз клиенттеріміздің тарапынан банкке деген жоғары сенімді көрсететін оң қаржылық көрсеткіштерді көрсетуді жалғастырамыз», — деді ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили.

Еске сала кетейік, бұған дейін Moody’s Investors Service («Moody’s») халықаралық рейтинг агенттігі ForteBank депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингті B3-тен B1-ге дейін көтерген (бірден екі қадам), болжам «Тұрақты». Ал S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі ForteBank рейтингтерін «В»-тен «B+»-ге дейін көтерді, болжам — «Тұрақты».