Fitch Ratings Сбербанктің рейтинг бойынша болжамын жақсартты

242
Сбербанк
Фото: tengrinews.kz

Алматы. 9 қазан. 7kun.kz  – Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингі (ЭДР) бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ болжамын «тұрақтыдан» «оңға» жақсартты және бұрын берілген «BB+» деңгейін растады, деп хабарлайды банк баспасөз қызметі.

«Сбербанктің Қазақстандағы еншілес банкінің болжамдарының рейтинг бойынша өзгеруі Сбербанк ААҚ ұзақ мерзімді (ЭДР бойынша) болжамдарын қайта қарауымен байланысты орын алды. Рейтингтегі бұл әрекеттер иегер құрылымның қажет болған жағдайда өзінің еншілес банкіне қолдау көрсету қабілетінің ықтимал күшеюін көрсетеді», — делінген рейтингтік агенттік есебінде.

Сбербанк Қазақстандағы ЕДБ арасында ең жақсы рейтингтерге ие.