ЖаңалықтарКомпанияларТаңдаулы1

Fly Dubai ұшақтары Шымкент-Дубай бағытында ұшады

Алматы. 16 қараша. 7kun.kz - 2018 жылдың 29 желтоқсанынан бастап Біріккен Араб Әмірлігінің Fly Dubai авиакомпаниясы Шымкенттен Дубайға ұшатын жаңа рейс ашылатынын хабарлады.

“Жаңа ұшақ рейсінің ашылуы БАӘ мен Қазақстанның сауда-саттық және экономикалық қарым-қатынасын дамытып, Шымкент қаласының әлеуетін көтеруге әсер етеді”,- делінген ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің фейсбуктегі парақшасында.

Жаңадан ашылатын әуе рейсі Boeing 737 ұшағымен Шымкент-Дубай-Шымкент бағытында аптаның сейсенбі және сенбі күндері ұшатын болады.

Сондай-ақ, Fly Dubai авиакомпаниясы 2019 жылдың көктемінен бастап жолаушылардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін туристер жиі қатынайтын маусымда және мереке қарсаңында Астана-Дубай-Астана бағытындағы рейстердің жиілігін аптасына 4-5 рейске дейін көбейтпек.

Tags

Осы айдарда

Close