FlyArystan 455 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады

FlyArystan

Алматы. 5 қараша. 7kun.kz — FlyArystan бюджеттік әуе компаниясы операциялық қызметтің алғашқы жарты жылдығының қорытындысын жариялады.

Лоукастер есептік кезеңде 455 мыңнан астам жолаушы тасымалдаған. Сонымен қатар, борттардың жүктелуі 94%-дан асып, рейстердің 93%-ын уақытылы орындаған.

2019 жылдың 1 мамырынан бастап отандық лоукостер 600 000 мыңнан астам билет сатқан. Олардың ішінде Нұр-Сұлтан-Мәскеу-Нұр-Сұлтан бірінші халықаралық бағытындағы билеттер де бар. Бұл ретте әуе компания 2500-ден астам ұшуларды орындады.

«FlyArystan-ның ең төменгі тарифтері 3 999 теңгеден (10 АҚШ доллары) басталады. Әр рейсте орташа есеппен 170 жолаушыны тасымалдаймыз. Олардың 56% (95 жолаушы) ең арзан 4 брондау классының билеттерін сатып алды, 9% (15 жолаушы) ең қымбат классын брондаған. Қалғандары орта деңгей бойынша орындарды сатып алады», — деді FlyArystan сату және маркетинг жөніндегі директоры Жанар Жайлауова.

Айта кетейік, бүгінгі күні лоукостердің маршруттық желісі 10 ішкі бағыттан тұрады, жылдың соңына қарай тағы 3 жаңа маршрут қосылады.  Осылайша әуетасымалдаушы парктегі төртінші ұшақ бортымен Нұр-Сұлтаннан Жуковскийге қатынайды. Ал 2020 жылдың соңына қарай FlyArystan флоты 10 реактивті Airbus A320 әуе лайнеріне дейін кеңейтіледі, бұл Қарағанды және Ақтөбе әуежайларында жаңа авиациялық базаларда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бюджеттік әуе желісінің маршруттық желісі 40 бағытқа дейін өседі.

«2019 жылдың қазан айының нәтижесімен былтырғы жылдың дәл осы мезгілі нәтижесін салыстырғанда еліміздің әуежолаушылар саны 33% өскен. Өсімнің бірден-бір себебі FlyArystan лоукостерінің пайда болуымен тікелей байланысты», — деді FlyArystan басшысы Тим Джордан.