Әлемдегі ең ықпалды 100 әйел анықталды

720
Фото: telegraph.co.uk

Forbes басылымы әлемдегі ең ықпалды 100 әйелдің тізімін жариялады. Бес жылдан бері тізімнің көшін Ангела Меркель бастап келген, биыл да бірінші орында ешкімге бермеді. АҚШ президенттігіне үміткер Хиллари Клинтон 2-орында.

Ең ықпалды әйелдердің үштен бірі ел басында болып, не саясатта маңызды рольге иеленіп 3,6 млрд адамды басқарады. Тізімдегі жартысы трансұлттық компаниялардың басшылығында. Қалған оны — ірі бизнес өкілдері. Олардың меншігінде шамамен 1 трлн доллар бар.

Тізім жасау барысында қаражаты (жеке, бизнестегі қаржысы, мемлекеттің ЖІӨ-сі), БАҚ-тарда танымалдығы, адамдар өміріне әсер етуі, ұйым, не ел ішіндегі еңбегінің ықпалы секілді факторлар ескерілген.

Ең ықпалды 100 әйелдің есімін мына жақтан біле аласыз.