Forbes Youtube желісіндегі ең қымбат блогерлерді анықтады

20
Фото: Tubefilter.com

Алматы. 4 желтоқсан. 7kun.kz –  Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат YouTube-блогері Ryan ToysReview арнасының авторы, жеті жасар Райан болды. Ол балалар ойыншықтарының шолуымен танымал болды. 2017 жылдың 1 маусымынан 31 мамырына дейін Райан $22 млн табыс тапты. Ryan ToysReview арнасына барлығы 17 млн адам тіркелген.

Рейтингте екінші орынды Логан Полдың   кіші ағасы Джейк иеленді. Соңғы жылы ол $21,5 млн табыс тапты. Желі қолданушылар бұл каналды 3,5 млрд рет қараған. Логан Полдың өзі өткен жылы $14,5 млн пайда көрді.

Үшін орын Dude Perfect арнасының еншісінде. Бұл арнаға 5 адамна құралған топ спорттық қимылдармен видеолар салады.  Арнаға жазылушылар саны-36,8 млн адам, бір жыл ішіндегі табыс $20 млн. құрады.

Төртінші орын — Британдық шолушы Дэн Миддлтон мен оның DanTDM арнасында. Оған 20,7 млн адам тіркелген, олар блогерге $18,5 млн. табыс табуға мүмкіндік берді.

Бестіктің құрамында американдық стилист Джеффри Стар бар. Оның 11,4 млн жазылушысы бар. Джеффери $18 млн ақша тапқан.

Сондай-ақ, бірінші ондықтан орын алғандар: Markiplier ($17,5 млн, 22,4 млн жазылушылар), Vanoss Gaming ($17 млн, 23,9 млн жазылушылар), Jacksepticeye ($16 млн, 20,8 млн жазылушылар) және Logan Paul ($14,5 млн, 18,5 млн жазылушылар).

Әлемдегі ең танымал PewDiePie (Феликс Челберг) блогері $15,5 млн табыспен рейтингтің сегізінші сатысынан көрінді.