«ForteBank» АҚ туралы

ForteBank
Фото: kapital.kz

«ForteBank» акционерлік қоғамы қазақстандық жетекші банктердің бірі болып табылады және банктік қызмет көрсету нарығында 20 жылдан аса уақыт жұмыс істеп келеді.

Қазіргі уақытта «ForteBank» АҚ активтер мөлшері бойынша оныншы орында және бөлшек нарықта артықшылық фокуспен бизнестің барлық бағыттары бойынша, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеуге қатыстатын әмбебап қаржы институты.

2016 жылдың 1 наурызынан бастап«ForteBank» АҚ ірі акционері  — Өтемұратов Болат Жамитұлы. Ол банктің орналастырылған жай акцияларының 87,28% ие, оның 79,79% банктің орналастырылған жай акциялары түрінде және 7,49% базалық активі банктің жай акциялары болып табылатын өзекті депозитарлық қолхаттар (ӨДҚ) түрінде көрсетілген.

12,72% жай акциялар миноритарлы акционерлерге тиесілі.

Орналыстырылған жай акцияларының жалпы санының бес пайыздық және одан артық үлеске ие тұлғалар

Жай акцияларының саны (оның ішінде ӨДҚ түрінде жай акциялар), дана

Орналастырылған жай акциялардың үлесі, %

Өтемұратов Болат Жамитұлы

80 629 447 285

87,28

«ForteBank» АҚ:

  • Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларының салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) қорына;
  • Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қорына;
  • Қазақстандық қор биржасына (KASE);
  • Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына;
  • S.W.I.F.T. және REUTERS телекоммуникациялардың халықаралық банкаралық жүйесі;
  • Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының қатысушысы;
  • VISA International және MasterCard International халықаралық төлем жүйелерінің негізгі мүшесі.

«ForteBank» АҚ ҚР Ұлттық Банкімен белгіленген зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияға, сондай-ақ депозиттерге орналастыру үшін қаржы қаражатына сенім білдіретін «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ екінші деңгейдегі банкілер тізбесіне енгізілген.

«ForteBank» АҚ Қазақстан Республикасының 39 қалалық және ауылдық елді мекендерінде 19 филиалдар және 145 бөлімшелер есептелетін тармақталған филиалдық желіге ие. Сонымен қатар 700 банкомат, оның ішінде 200 қолма-қол (cash-in) қабылдап алу қызметімен, сондай-ақ қолма-қол ақша беретін пункттердегі 200 POS-терминалдар және сауда-сервис кәсіпорындарындағы 1000 POS-терминал есептелінетін көлемді эквайрингтік құрылғы желісіне ие.

Банкке Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі арқылы төмендегідей рейтингтер берілген:

  •     «B» контрагентінің ұзақ мерзімді кредит рейтингі
  •     «B» контрагентінің қысқа мерзімді кредит рейтингі
  •     Ұлттық шкала бойынша Банкіге «kzBB» рейтингі берілді
  •     Тұрақты болжам