ForteBank әлеуметтік желілер арқылы ақша аудару қызметін іске қосады

әлеуметтік
Фото: dribbble.com

Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz — ВКонтакте және Одноклассники әлеуметтік желілерінің қазақстандық пайдаланушылары жеке хабарламалар арқылы ақша аудара алады. Бұл туралы ForteBank баспасөз қызметі хабарлады.

ForteBank Одноклассники және ВКонтакте әлеуметтік желілерін пайдаланушыларға арналған әлеуметтік желі ішінде ақша аударымдарын 22 маусымда іске қосты. Ақша аударымдарын қазақстандық Mastercard, Maestro және Visa карталары арқылы, сондай-ақ Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Германия, Грузия, Израиль, Италия, Латвия, Литва, Молдова, Ресей, Румыния, Өзбекстан, Украина, Франция, Чехия және Эстонияда шығарылған Mastercard, Maestro карталары арқылы аударуға болады. Қызмет Mastercard жаһандық төлем жүйесінің қолдауымен іске қосылды.

Қызмет көрсету сайттың толық және мобильді нұсқаларында, Android және iOS қосымшаларында қол жетімді. Қызметтің ерекшелігі мен қолайлылығы — төлем карточкасының нөмірін Одноклассники аккаунтына тіркеу арқылы пайдаланушылар бір-біріне ақша аудару мүмкіндігін алады. Сондай-ақ, жіберушіге алушының төлем карточкасының нөмірін білудің қажеті жоқ. Ақша аудару үшін алушының әлеуметтік желідегі профилін және қаражат есептен шығарылатын картаны, сондай-ақ аударым сомасын енгізу жеткілікті.

Аударымға банк картасын әлі енгізбеген адамға енгізуге тура келеді. Ал мұндай бірнеше картасы барларға ақшаны қай карта арқылы алатындығын таңдау керек. Егер аударым бес күн ішінде қабылданбаса, ақша жіберушінің банк картасына қайтарылады.

Аударымдар теңгемен жүргізіледі. Карточкаға басқа валютадағы шот бойынша есепке алынған жағдайда, айырбастау алушының карточкасын шығарған банктің бағамы бойынша жүзеге асырылады.

Бір аударымның ең аз сомасы — 500 теңге, ең көбі — 50 000 теңге.

Mastercard және Maestro карталары арқылы аудару кезінде қызметтің алғашқы үш айында комиссия алынбайды. Visa картасы арқылы аудару кезінде 1 пайыз + 200 теңге, кем дегенде 600 теңге комиссия алынады. Төлем карточкасын пайдаланатын барлық аударымдар тек 3D-Secure (Verified by Visa / Mastercard SecureCode) технологиясын және CVV / CVC кодын енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Айта кетейік, ВКонтакте пайдаланушылар арасында ақша аударымдарын 2016 жылы іске қосты. 2017 жылдың наурыз айында әлеуметтік желілерде қауымдық хабарлар арқылы топтарға, қоғамдық беттерге және оқиғаларға ақша аударылды. «ВКонтакте-дегі FAQ ақша аударымдары» туралы толық мәліметтермен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар: vk.cc/5P9a5V.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!