Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры журналистерге арнап өткізген жазғы медиа мектепте 7kun.kz сайтының тілшісі Мейірхан Амангелдиев «БЖЗҚ-мен бір күн» байқауын жеңіп алып, зейнетақы қоры туралы репортаж жасайтын болды.

Репортаж ең алдымен Абай және Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан БЖЗҚ-ның басқару орталығынан басталды. Бұл 4 қабатты ғимаратта тек басшылар және Call-орталық қызметкерлері отырады. Қысқаша айтқанда, қордың негізгі қозғаушы күші осы жерде жұмыс істейді. 7kun.kz тілшісін күтіп алу және зейнетақы қорының «әліппесімен» таныстыру секілді жауапты істі «БЖЗҚ» АҚ Дамыту, сараптау және бағалау басқармасының бастығы Сергей Николаевич Гилев өз мойынына алды.

БЖЗҚ
Сергей Гилев

Ол кісімен 30 минутқа созылған әңгімеміздің қысқартылған және түсінікті нұсқасы келесідей:

«БЖЗҚ» АҚ 2013 жылы тамыздың 2 2-де «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы «БЖЗҚ» АҚ-ның құрылтайшысы әрі акционері ретінде есептелінеді.

«БЖЗҚ» АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакеті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруында тұр.

«БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерін басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңеспен бірлесіп жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2016 жылғы қаңтардың 1-нен бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар жасау функциялары Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық Қорды басқару жөніндегі кеңеске берілді.

7kun.kz тілшісі дайындап барған ««БЖЗҚ-ның» негізгі миссиясы не?» деген сұрағына ол былай деп жауап берді:

«Салымшылармен біріге отырып, зейнеттегі қаржылық еркіндікті жасау».

Сергей Гилевтің қабылдауынан кейін бірінші қабатта отыратын, суық пен ыстыққа қарамай жұмыс істейтін call-орталықтың жұмысымен таныстық

БЖЗҚ
Call-орталық қызметкерлері

«БЖЗҚ» АҚ Байланыс орталығы басқармасының бастығы Зәуреш Жүнісова Call-орталықтың қызметін үнемі өз бақылауында ұстайды. Оның айтуынша, 2017 жылдың алғашқы жарты жылында Call-орталыққа 53 мыңнан астам қоңырау келіп түскен.

БЖЗҚ
Call-орталыққа келіп түскен сауалға жауап беру сәті

Call-орталық туралы барша ақпарат мына тақтада көрсетілген.

БЖЗҚ
Ақпарат тақтасы

1418 тегін нөміріне хабарлассаңыз суреттегі қыз сұрақтарыңызға жауап береді.

БЖЗҚ
Call-орталықта жұмыс үнемі қызу үстінде

Call-орталықпен танысып болған соң, Алмалы ауданына қарасты Шевченко көшесінде орналасқан №7 филиалдың жұмысымен танысуға беттедік.

№7 филиалда сізді БЖЗҚ-ның жұмысымен екі тілде таныстыратын Серік Ақышев күтіп алады.

БЖЗҚ
Серік Ақышев және жаңа технология

№7 филиалға қай кезде барсаңыз да, жұмыс қызып тұрады. Біз де дәстүрден аттамай, кез келген клиент секілді жұмысымызды талон алудан бастадық.

Бұл жерге алғаш рет келіп тұрсаңыз, Станислав есімді суреттегі жігіт сізге көмек қолын созудан тартынбайды.

БЖЗҚ
Талон алуға көмектесетін Станислав

Осы жерден өзіңізге қажетті қызмет бойынша талон аласыз.

БЖЗҚ
Талон алатын жер

О, мына монитор біздің кезегіміздің келгенін көрсетіп тұр.

БЖЗҚ
Кезегіңізді келгенін көрсететін монитор

Операция залының қызметкері клиенттердің бүкіл сұрақтарына жауап беруге дайын.

БЖЗҚ
Операция залының қызметкері

Кезегін күткен БЖЗҚ клиенттері.

БЖЗҚ
Күту залы

БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасын пайдаланып отырған клиент.

БЖЗҚ
Клиент

Зейнетақысы туралы білуге келген ата мен әже.

БЖЗҚ
Ата мен әже

Операция залында жұмыс қызып жатыр.

БЖЗҚ
Операция залы

Операция залымен танысып, ол жердегі жұмыс туралы толығырақ білген соң, осы ғимараттың екінші қабатында орналасқан Алматы қалалық филиалының қызмет көрсету бөліміне көтерілдік.

Бөлім бастығы Бимурзаева Айгүл Амангелдіқызы қол астындағы 11 адаммен әр түрлі компанияларға және үйінен шығуға мүмкіндігі жоқ мүгедектерге қызмет көрсетеді.

БЖЗҚ
Барып қызмет көрсету бөлімі

Барып қызмет көрсету бөліміне осы телефон арқылы қоңырау түседі.

БЖЗҚ
Телефон

Барып қызмет көрсету бөлімі кезекті шақыртулардың бірін қабылдап жатыр.

БЖЗҚ
Қоңырауға жауап

Барып қызмет көрсету бөлімімен Алматыдағы №2 Балалар шипажайына келдік.

Бұл жерде Айгүл Баймурзаевамен бірге шипажай қызметкерлеріне зейнетақы жинағы мен БЖЗҚ-ның қалай жұмыс істейтіндігі туралы айтылды.

БЖЗҚ туралы толығырақ білгісі келетін шипажай қызметкерлері.

БЖЗҚ
Балалар шипажайының қызметкерлері

БЖЗҚ қалай жұмыс істейді, жаңа қызметтер және жалпы зейнетақы қоры жүйесі туралы айтылып жатыр.

БЖЗҚ
БЖЗҚ

БЖЗҚ туралы мұғалімдер ақпарат алып жатқан кезде, шипажайдағы балалар демалу процесін бастап жіберді.

БЖЗҚ
Балалар

Шипажайдың Бас дәрігері Наталья Рахальская БЖЗҚ-ның осылай келіп, түсіндіруіне жоғары баға беріп, риза екенін айтты.

БЖЗҚ
Наталья Рахальская

Айгүл Баймурзаева презентация арқылы шипажай қызметкерлерінің болашақ зейнетақылары туралы түсіндіріп жатыр.

БЖЗҚ
Презентация

Презентациядан кейін қызметкерлер өздерінің салымдары туралы білу үшін сұрақ қойып жатыр.

БЖЗҚ
Презентациядан кейінгі көрініс

Балалар шипажайынан кейін Барып қызмет көрсету бөлімінің маманы Нысанбаева Майра ханыммен бірге Алматыдағы екінші топтағы мүгедек Марс Нұрбеков есімді адамның үйінде қонақта болдық.

БЖЗҚ
Марс Нұрбеков пен Майра Нысабаева

Марс Нұрбеков бірнеше айдан бері үйінен тысқа шыға алмайды. Сол себепті өзінің зейнетақы қорындағы салымы туралы білу үшін Барып қызмет көрсету орталығына хабарласуына тура келді.

Майра Нысанбаева клиенттің сұрақтарына жауап беріп жатыр.

БЖЗҚ
Майра Нысанбаева

«Екінші топтағы мүгедек болған соң, сыртқа шығу мен үшін қиындау. Зейнетақы қорының мамандары осылай үйге келіп қызмет көрсетеді. Оларға алғысым шексіз,»-дейді Марс Нұрбеков.

БЖЗҚ
Марс Нұрбеков

Барып қызмет көрсету мамандары өздерімен бірге ноутбук, интернет және парақ шығаруға арналған принтер алып жүреді.

БЖЗҚ
Қызмет көрсету

«БЖЗҚ-мен бір күн» науқаны кешкі сағат 17:00 шамасында аяқталды. Сырттан қараған адам үшін зейнетақы қорының мамандарының жұмысы онша қиын боп көрінбеуі мүмкін. Бірақ олармен бір күн бірге болып, жұмыс процесін бақыласаңыз, бұл жұмыстың соншалықты қызық әрі жауапты екеніне көз жеткізесіз. БЖЗҚ туралы толығырақ ақпаратты Enpf.kz сайтынан ала аласыз.