Freedom Finance Life лицензиясы қалпына келтірілді

қалпына
Фото: gorod24.online

Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz – Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясы лицензиясын қалпына келтірді.

Ақпаратқа сәйкес, 2019 жылдың 1 ақпанынан бастап ұйым аннуитеттік сақтандыру және қызметкерді қызметтік міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жұмыстарын қайта бастайды.

«Компания сақтандырудың осы түрлері бойынша полистерді жазып, келісім-шарттарды ұзарта алады. Қалған қызметтер бойынша жұмыс тоқтатылған жоқ және штаттық режимде жұмыс істейді», – деп мәлімдеді қаржы құрылымы.