Freedom Holding-тің таза пайдасы 8,6 млн долларға дейін өсті

75
валюта
Фото: de.sputniknews.com

Алматы. 13 қараша. 7kun.kz — Freedom Holding Corp. таза пайдасын алты еседен астамға ұлғайтты. Бұл туралы 2019 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған 2020 фискалдық жылдың II тоқсанындағы қаржылық есебінде көрсетілген.

Есепті кезеңде холдингтің таза пайдасы 8,6 миллион долларды құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,9 миллион долларға көп.

33 миллион доллар көлеміндегі түсім 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 89%-ға немесе 15,6 миллион долларға өсті.

Есепке сәйкес, бұл көрсеткіш 2020 жылдың екінші тоқсанындағы комиссиялық кірістің 106%-ға — 12,8 млн доллардан 26,4 млн долларға және шетел валюталарымен операциялардан түскен кірістің 2 млн долларға ұлғаюына байланысты өсті.

Бұл ретте, компанияның шығыстары клиенттер санының және жасалатын мәмілелер көлемінің өсуінен, сондай-ақ операциялық шығыстардың өсуінен — 3,9 млн долларға, негізінен филиалдарды ашу қызметін кеңейтудегі жалпы әкімшілік шығындар бойынша 42%-ға, немесе 6,4 млн долларға, комиссиялар бойынша шығыстардың ұлғаюынан — 3,5 млн долларға артты.

Бұдан басқа, 6,6 млн доллар мөлшеріндегі өзге жиынтық табыс 2018 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған екінші тоқсандағы 3,8 миллион долларлық шығынмен салыстырғанда 10,4 миллион долларға өзгерді.

Холдингтің активтері мен міндеттемелері 2019 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 2019 жылдың 31 наурызымен салыстырғанда тиісінше 74,7 миллион долларға және 58,2 миллион долларға өсті.

«Компания біздің қаржылық көрсеткіштерімізде көрініс тапқан тұрақты өсімді көрсетуді жалғастырып келеді. Біз ұзақ жол жүріп, қазан айында Nasdaq Capital Market-тің көптен күткен листингіне ие болдық. Біз үшін бұл маңызды сын болды, өйткені осы биржадағы комплаенс пен ашықтыққа қатысты талаптар әлемдегі ең қатал болып табылады. Біз өзіміздің инвесторларымыз бен серіктестерімізге бизнесті батыстық стандарттарға сәйкес жүргізе алатындығымызды, бүкіл әлемдегі инвесторлар үшін түсінікті және қызықты болатынымызды дәлелдей алдық. Біздің команда біздің өңірде ашық, сапалы бөлшек сауда бизнесін құруды және оны біртіндеп кеңейтуді жалғастырады», – деп атап өтті компания басшысы Тимур Турлов.