Г.Марченко: ЕАЭО елдері ортақ валютаның енгізілуіне дайын емес

462
Г.Марченко: ЕАЭО елдері ортақ валютаның енгізілуіне дайын емес

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері ортақ валютаның енгізілуіне дайын емес деп есептейді ҚР Ұлттық банкінің экс-төрағасы Григорий Марченко.

«Макроэкономикалық параметрлер келісіліп, орындалғаннан кейін ұлттықтан жоғары орталық банк, ұлттықтан жоғары реттегіш құру қажет, содан соң ақша айналымға шығару керек. Макроэкономикалық параметрлер тұрғысынан да, әрекеттерді үйлестіру жағынан да біз бұған әлі шамалап алғанда да дайын емеспіз», — деді Г.Марченко «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында.

Қаржылық реттегішер әрекеттерінің бірыңғай үйлестірілуінің жоқтығына мысал ретінде ол ЕАЭО елдеріндегі валюталардың девальвациясын келтірді. Оның айтуынша, елдердің орталық банктері ұлттық валюталардың девальвациясын өткізу кезінде одақ аясындағы серіктестердің мүдделерін ескермейді.

«Себебі желтоқсан айында Ресейде девальвация болды, Белоруссияда 30% салық енгізді, ал Қазақстан бағамды өзгеріссіз қалдырды. Крыловтың «Аққу, шортан һәм шаян» әңгімесіне қаржы секторында бұдан артық мысал табу қиынға соғады», — деп мәлімдеді Г.Маченко.

Оның сөзіне сүйенсек, ЕАЭО-да ортақ валютаны енгізу үшін алдымен макроэкономикалық параметрлерді, қазыналық саясатқа, еңбек нарығына қатысты параметрлерді келістіріп алу қажет.

«Біз тіпті инструменталдық тұрғыда дайын емеспіз. Себебі біздің елдерімізде валюталық режим де әр түрлі. Орталық банктердің ақша-несие, бағам саясатында пайдаланатын құралдары да бір-бірінен өзгеше», — деді Г.Марченко.