«Газпром нефть», «Газпромбанк», РВК пен «ВЭБ инновации» бірлескен венчурлық қор құрады

«Газпром нефть»
Фото: pharmvestnik.ru

Алматы. 16 сәуір. 7kun.kz – «Газпром нефть», «Газпромбанк», РВК пен «ВЭБ инновации» бірлескен венчурлық қор құрады.

«Новая индустрия» венчурлық қоры ресейлік және шетелдік жобаларға, негізінен стартаптарға инвестиция құюды жоспарлап отыр. Қордың бастамашысы «Газпром нефть» болған.

Серіктестерді көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау, энергияны беру және сақтау, сондай-ақ өндірістік инфрақұрылымды салуда инновацияларды енгізу үшін технологияларды дамытуға көмектесетін жобалар қызықтырады.

Қордың қанша стартапқа инвестиция салатынын серіктестер нақтылаған жоқ.