Геннадий Головкин Қазақстанның көмір өндірісіне инвестиция салады

560
Фото:ztb.kz

Геннадий Головкин кәсіпқой бокстен тапқан табысын қазақстандық экономикаға инвестициялайды. Боксшы Қарағанды облысындағы көмір өндіру өндірісіне қаржы салады. Бұл туралы ол «Хабар» арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Фабрикада 150 адамға арналған жұмыс орны құрылады. Кәсіпорынның қуаты жылына 500 мың тоннаға дейін жетеді. Жаңа өндіріс орнының тұсаукесері 5 шілдеде өтеді.

«Мұндай идея президент Нұрсұлтан Әбішұлының «Барлығын жеңіп шықты та, үйіңе орал» деген сөздерінен кейінен пайда болды. Яғни, президенттің нұсқауы бойынша Қазақстанға инвестиция салуды ойладым», — деп түсіндірді ол өз шешімін.

Жаңа кәсіпорынның құрылтайшысы жергілікті кәсіпкерлер және «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры болады.