Германия барлау қызметінің басшысы АҚШ-тың арнайы қызметіне тәуелді екендігін мойындады

482

Германия Федералды бақылау қызметінің (Bundesnachrichtendienst, BND) басшысы Герхард Шиндлер оның ведомствасы АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігімен серіктестік кезінде қателіктерге жол бергенін мойындады деп хабарлайды  Associated Press. Белгілі себептерінің бірі ретінде неміс бақылау қызметінің американдық арнайы қызметке бағыныштылығын атады.

Парламенттегі мәлімдемесі кезінде Шиндлер BND бірнеше жыл бойы ҰҚА ұсынған ізіне түсу керек обьектілердің тізімін қажетті деңгейде тексермегендігін мәлімдеді. Оның сөзінше, немістік ведомства қызметкерлерінің кейбірі 2005 жылғы америкалық барлау қызметінің кейбір күдікті мақсаттары туралы білген. Бірақ бұл туралы тек 3 жылдан кейін 2015 жылдың наурызында анық болды.

Ол бұл фактіні жасырып қалуға ГФР барлау қызметінің американдық барлау қызметінен тәуелді екендігі себеп болды дейді. Шиндлер ведомствада тереңірек тексеру жүргізуге уәде берді.

Сәуірдің соңында Spiegel Online интернет-басылымы ҰҚА-ның неміс барлауының техникалық ресурстарын пайдалана отырып он жыл бойы саясаткерлер, шенеуіктер және Еуропалық кәсіпкерлерді тексеріп отырғандығын хабарлаған еді. Және тыңшылық Германияның Федералды барлау қызметінің келісімінсіз жүргізіліп отырған.  2008 жылдан бастап америкалық барлау қызметінің кейбір өтініштері BND мақсаттарына да, өзара терроризммен күрес туралы америка-германдық келісімге сай келмейтіндігіне назар аударыла бастаған.

2014 жылдың жазында Германияда кезекті тыңшылық дау туды. Бірі BND-дық, екіншісі қорғаныс министрлігінде жұмыс істейтін екі американдық тыңшы анықталды. Осыған байланысты ГФР канцлері Ангела Меркель АҚШ Германияға қарсы тыңшылықтан бас тартуы мүмкін емес деп мәлімдеді.

2013 жылдың қарашасында бұрынғы американдық барлау қызметкері Эдвард Сноуденнің жарияланымдарынан кейін ҰҚА мен ЦРУ-дың Германия аумағында жұмыс істеп, Меркельдің телефонын тыңдағандығы анықталды.